Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Мәдениет»ӘЗ НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА «ТҮРКІСТАН» АНСАМБЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
    Мәдениет

    ӘЗ НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА «ТҮРКІСТАН» АНСАМБЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

    15.03.2025

    Облыс орталығында Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблінің тұсаукесер концерті өтті. Өнерсүйер қауымның зор ықыласына бөленген гала-концертке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, шығармашылық ұжымға сәттілік тіледі.
    Концерт барысында I Халықаралық аспаптық музыкалық шығармалар байқауының жеңімпазы Санджай Альмишевтің «Жерұйық» композициясы орындалды. Сондай-ақ Темірлан Шөкеновтің «Ғасырлар әуені», Медет Есбергеновтің «Елім-ай», Шолпан Қорғанбектің «Керуен базары» және басқа да туындылар ұсынылды.
    Кеш барысында театр репертуарындағы қойылымдардың әуендері орындалды. Оңайгүл Тұржанның «Қаламқас» пластикалық драмасынан, Дулат Исабековтің «Бөрте» тарихи драмасынан, Айдарбек Байділданың «Шәмші. Вальс королі» шығармасынан үзінді көрсетілді.
    Ел мақтанышы Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева, өнер жұлдыздары Клара Төленбаева, Еркебұлан Дайыров және Айя Шәріпбек өнер көрсетіп, кеш көркін аша түсті.
    Түркістан ансамблінің жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ардақ Балажанова, ал режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі – Мейіржан Алиакбаров. Театрдың көркемдік жетекшісі Мадина Мұратпекова, ансамбльдің музыкалық жетекшісі Айқын Сетеков, ансамбльдің мүшесі, белгі домбырашы Ерасыл Қауымбаев.
    Шараның құрметті қонақтары қатарында қазақ би өнерінің падишасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шұғыла Сапарғалиқызы, ҚР Президенттік оркестрінің басшысы, дирижер, Құрмет орденінің кавалері Дархан Рахымғалиев, жазушы, алаштанушы-ғалым Елдос Тоқтарбай, әдебиеттанушы ғалым, ақын Өміртай Еділханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музыка сыншысы Ербол Мұхамедиев, ҚР Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек бар.
    Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, тарихи және мәдени орталық ретінде оның туристік әлеуетін арттыру мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Бұл ансамбльдің құрылуы да осы мақсатты көздейді. Ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, өнерді қолдау арқылы қалаға туристік қызығушылықты арттыру жоспарланып отыр. Ансамбльдің ашылуына облыс әкімдігінен ерекше қолдау көрсетіліп, оркестрлік құрам толық жаңа, арнайы театр логосы бейнеленген аспаптармен қамтамасыз етілді.
    «Түркістан» ансамблі ұлттық мәдениетімізді сақтап, оны әлемге таныту жолында үлкен міндеттерді атқаруға дайын. Жаңа ұжым Түркістан қаласының мәдени өмірін байытып, елдің музыкалық саласында жаңа кезеңнің бастамасын қалау мақсатын көздейді.
    Кештің басты ерекшелігі – ұлттық дәстүрлер мен заманауи шығармашылықтың үйлесімі. Жаңа ансамбль қазақтың халық әндері мен күйлерін, сондай-ақ танымал композиторлардың шығармаларын орындап, көрермендерге ерекше рухани ләззат сыйлады. Кеш соңында ықылас гүлдері табыс етілді. Концерттің ерекше атмосферасы мен жоғары деңгейі көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
    Айта кетейік, наурыздың 21-22 күндері Түркістан музыкалық драма театры сахнасында «Вальс королі» спектаклі өтеді. Барша өнерсүйер қауымды Әз Наурызды бірге қарсы алуға шақырамыз!

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

    30.09.2026

    Достық пен келісім акциясы аясында

    28.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.