Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ КӨРСЕТКІШІ АРТТЫ
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ КӨРСЕТКІШІ АРТТЫ

13.05.2025

Елдегі жалпы ішкі өнім 6 процентке жетті. Бұл -соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Әсіресе, көлік және сауда секторында оң нәтиже байқалады. Ауылшаруашылығы мен байланыс саласында да серпіліс бар. Ел экономикасына елеулі үлес қосқан қай өңір? Ал артта қалған аймақтар енді қалай қатарға қосылады? Толығырақ Аружан Задабек тарқатады.

Биыл ел экономикасының негізгі көрсеткіштерінде өсу қарқыны байқалады. Ұлттық экономика министрлігінің есебі осындай. Мемлекет басшысы саланы дамытуға қатысты біраз тапсырманы қайта-қайта шегелеген. Сол пәрменнің арқасында бірқатар тірлік шешілді.

Басты жетістік экономиканың негізгі салаларына тиесілі. Алдымен көлік секторына тоқталайық. Мұндағы жетістік – 22%. Жоғары динамика Түркістан, Жамбыл және Абай облысында тіркелді. Ал құрылыста нақты жұмыс көлемінің индексі 16% жетті.

САПАРБАЙ ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:
Үлкен қалалардағы құрылыс, зауыт құрылысы, жол құрылысы өте жақсы дамып жатыр. Сондықтан құрылыста бізде нәтижелер жақсы. Қазақстан кезінде, совет дәуірі кезінде өте үлкен машина жасау зауыттары болған. Біз сол дәрежеге қайттан келу үшін біраз әрекет жасап жатырмыз. Осы 10 пайыздық өсім Қазақстан үшін аз.

Экономиканың негізгі тірегінің бірі сауда саласында да жетістік бар. Бірден 7 процент артқан. Нақтырақ, көтерме — 7%, бөлшек сауда 6%-ға дейін өсті. Түркістан облысы жеміс, көкөніс, фармацевтикалық тауарларды сату бойынша көш бастаса, Ақмола облысы астық, тұқым және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында біраз нәтижеге қол жеткізді. Ал Шымкент дизель, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатудан көш бастап тұр.

РАСУЛ РЫСМАМБЕТОВ, ЭКОНОМИСТ:
Қазір басты мақсат – 6 процент өсімді сақтап қалу. Оны әрі қарай дамыту керек. Жетістік тек санмен шектелмейді. Сапаның болуы маңызды. Халық өсімнің барын сезіну керек.

Ал өнеркәсіпте өндіріс индексі 6% жетті. Өсім, әсіресе, тау-кен секторында байқалады. Өзге салаға нақтырақ тоқталсақ, өңдеу өнеркәсібі 7%, тамақ 12%, темекі 26%, химиялық өнімдер мен машина жасау 11% артқан. Ауылшаруашалығына тоқталмай өтуге болмас. Мұндағы өзгеріс — 3,9%.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Соңғы екі жылда түрлі жағдайды бастап кештік. Алдымен құрғақшылық қыспаққа алды. Өткен жылғы су тасқыны, тіпті, есеңгіретіп тастады. Соған қарамастан жетістік байқалып отыр. Біз осындай жағдайда да әрекет етуге үйрендік.

Мемлекет басшысы өзінің әр сөзінде экономиканы дамыту үшін бар күш-жігерді біріктіру керек деп шегелейді. Министрліктің берген бұл мәліметі соңғы төрт айдағы көрсеткіш. Алда оны әрі қарай дамыту деген үлкен іс тұр.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖӨӨ-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.09.2026

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

10.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.