Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Денсаулық»АСТАНАДА ӨТКЕН ІІ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ФОРУМ: ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТЕГІ ДИАГНОСТИКАДАН АЗ ИНВАЗИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН
    Денсаулық

    АСТАНАДА ӨТКЕН ІІ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ФОРУМ: ЖОҒАРЫ ДӘЛДІКТЕГІ ДИАГНОСТИКАДАН АЗ ИНВАЗИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ДЕЙІН

    17.05.2025

    Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауға арналған мамандандырылған сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Астанада өткен II Орталық Азия эндоскопиялық форумында айтты.
    «Ең бастысы – нақ осы орталықтарда клиникалық тәжірибе жинақталып, аз инвазивті диагностика мен емдеу әдістерінің дамуы үшін күш-жігерді шоғырландыру және жоғары білікті мамандарды тарту болып табылады. Қазіргі таңда мұндай эндоскопиялық орталықтар еліміздің барлық дерлік өңірлерінде жұмыс істейді, – деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.
    II Орталық Азия эндоскопиялық форумы Қазақ эндоскопиялық қоғамы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұйымдастыруымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті, бұл шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Моңғолия, Үндістан және басқа елдерден 400-ге жуық қатысушы мен 40 шақты спикер жиналды.
    Екі күн бойы сарапшылар диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылап, эндоскопиялық араласулар көрсетіп, онкология, гастроэнтерология, пульмонология және өзге де салалардағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.
    Қонақтардың қатарында әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар: Жапониядан өңештің заманауи эндоскопиялық хирургиясының негізін қалаушылардың бірі профессор Харухиро Иное; асқазан обырын ерте анықтау саласындағы сарапшы профессор Томохико Морияма; сондай-ақ Оңтүстік Кореядан профессор Чон Сон У және басқалар болды.
    Форумның жұмысы кезінде жасанды интеллект жүйелері мен ерте кезеңдегі обырды диагностикалауға және аз инвазивті араласуларға арналған құрал-жабдықтар көрмесі өтті.
    Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы, Ұлттық ғылыми онкология орталығының сараптамалық эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Батырбеков қазіргі таңда негізгі назар ашық хирургиялық араласусыз-ақ қатерсіз, шекаралық және ерте сатыдағы қатерлі ісіктерді алып тастауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операцияларға аударылғанын айтты:
    «Онкологияда эндоскопияның орны ерекше. Ол ісікті ерте анықтап қана қоймай, оны жұмсақ тәсілмен алып тастауға мүмкіндік береді. Біз қазіргі эндоскопияның диагностикадан бастап, жуырда мүмкін емес деп саналатын аз инвазивті емдеуге дейінгі барлық әлеуетін көрсетуге ұмтыламыз, – деді ол.
    Форумның шеңберінде симуляциялық станцияларда тренингтер ұйымдастырылып, қатысушылар нақты уақытта POEM, ESD, ERCP сияқты күрделі араласуларды операциялық залдардан live-сессиялар кезінде бақылады.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.