Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
Жаңалықтар

ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ

28.06.2025

Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында “Эко Шина” ЖШС пайдаланылған автокөлік шиналарын қайта өңдеу өндірісін дамытуда. Жобаның негізгі мақсаты — қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, ескі шиналардың рұқсатсыз төгілуі мәселесін шешу, зиянды шығарындылары жоқ, қалдықсыз технологияларды енгізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті арттыру, шиналарды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізу.

Қазіргі уақытта жеке инвесторлар өндіріс көлемін арттырып, жаңа бағыттарды іске қосып жатыр. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі тапсырманы іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ тарапынан жаңа өндіріске қаржылай қолдау көрсетілді. Қаржыландыру қайтарымды негізде, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтын және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Кәсіпорынның жаңа бағытына АҚ тарапынан 500 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Жобаның жалпы құны – 629,377 млн теңге. Бүгінгі таңда кәсіпорын қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

ЖШС құрылтайшысы Бауыржан Айкенжеев пен «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиакбаров өндірістің жаңа бағытының іске қосылуына қатысып, техникалық ашылуын өткізді.
-Берілген қаржыға сәйкес, заманауи қондырғылар алдық. Жаңа бағыттарды қосып жатырмыз. Қазіргі басты мақсат — жылдан жылға өндірісті кеңейту. Кәсіпорында 1 сағатта 4 тонна қалдық өңделуде. 50 адам жұмыспен қамтылған, — дейді ЖШС құрылтайшысы Бауыржан Айкенжеев,

Кәсіпорында құрылыс, абаттандыру және басқа салаларда қолданылатын резеңке үгіндісі өндірілуде. Осылайша, жоба экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылықты ұштастырады — жаңа жұмыс орындарын ашып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтады және «жасыл экономиканың» дамуына елеулі үлес қосады.
«ЭКО Шина» ЖШС жобасы — мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің сәтті үлгісі. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдің экологиялық жағдайын едәуір жақсартуға, пайдаланылған шиналарды тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және бүкіл ел бойынша болашақтағы «жасыл» өндірістердің негізін қалауға мүмкіндік береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖӨӨ-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.09.2026

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

10.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.