Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

08.08.2025
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық  шарасы ұйымдастырылды. Аталған акция Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған еліміздегі ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және халық арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Іс-шараға аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Жұмыс барысында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда:
•Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту;
•Ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту;
•Легустраларға сәндік форма беру;
•Қураған ағаштарды жинап, шығару.
Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.
Тазалық  шарасы Ж. Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты.
Аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.
“Таза Қазақстан” акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2026 жылғы 25 тамыздан бастап электр самокаттардың тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруін алып тастауды көздейтін өзгерістер күшіне енеді.

24.08.2026

В Шымкенте проходит открытый чемпионат города по боксу

24.08.2026

Шымкентте бокстан қаланың ашық чемпионаты өтуде

24.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

25.08.2026

2026 жылғы 25 тамыздан бастап электр самокаттардың тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруін алып тастауды көздейтін өзгерістер күшіне енеді.

24.08.2026

В Шымкенте проходит открытый чемпионат города по боксу

24.08.2026

Шымкентте бокстан қаланың ашық чемпионаты өтуде

24.08.2026

«ХАЛЫҚ ҮНІ» БАЙҚАУШЫЛАРЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

24.08.2026

«ЕУРОПАЛЫҚ НӘТИЖЕ»: ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

24.08.2026

ТүркПА БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

24.08.2026

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ МИССИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ ӨТТІ

24.08.2026

ДАУЫС БЕРУ АШЫҚ ӘРІ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТТІ – «ЕЛ ДАУЫСЫ» БАЙҚАУШЫЛАРЫ

24.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.