Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Қоғам»Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс
Қоғам

Президент: Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс

13.09.2025

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Қазақстанды үш жылдың ішінде цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері цифрлық даму арқылы өздерінің экономикасын нығайтып қана қоймай, халықтың білімін, мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп отыр. Біздің еліміз де осы көштен қалмауы керек. Президенттің «Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс» деуі – осы жауапкершілікті сезінуден туған сөз.

Кітапхана саласына келсек, цифрландыру біз үшін ерекше маңызды. Көпшілік кітапхана тек кітап сақталатын орын деп ойлайды. Ал іс жүзінде ол – білім мен мәдениеттің қазынасы. Бүгінде біз оқырмандарға тек қағаз кітап ұсынумен шектелмейміз, электронды кітаптар қорын дамытып, түрлі онлайн платформалар арқылы адамдарға кез келген уақытта, кез келген жерден ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін беруге тырысамыз. Егер мемлекетіміз цифрлық елге айналса, бұл процесс әлдеқайда жылдам жүреді. Мысалы, жасанды интеллект арқылы оқырманға жеке-жеке кітап ұсыныстары берілсе, әр адам өзіне сай бағытта дамуға мүмкіндік алады. Бұл – болашақ кітапхананың бейнесі.

Президент айтқандай, тұрақты даму мен қауіпсіздік – тек экономикаға қатысты нәрсе емес. Ол халықтың ой-санасына, мәдениетіне де тікелей байланысты. Ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпауымыз керек. Қазақ әдебиетін, мәдениетін, тарихын цифрлы форматқа көшіру арқылы біз оны келер ұрпаққа сақтап қана қоймай, бүкіл әлемге таныта аламыз. Сондықтан, Президент Жолдауында айтылған мақсаттарды толық қолдаймыз. Кітапхана саласының жанашыр ретінде цифрлық дәуірге сай қызмет етуге, оқырмандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға дайынбыз. Ең бастысы – технология халыққа қызмет етіп, білім мен мәдениеттің дамуына үлес қосуы тиіс. Сол кезде ғана біз «цифрлық Қазақстан» боламыз».

Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ШЫМКЕНТЕ БОЛЕЕ 24,5 ТЫСЯЧИ ЧЕЛОВЕК ОХВАЧЕНЫ МЕРАМИ СОДЕЙСТВИЯ ЗАНЯТОСТИ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ 24,5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТУДЕНТАМ РАССКАЗАЛИ, КАК ЗАЩИТИТЬСЯ ОТ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИКОВ

09.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОВОДИЛИ МОЛОДЫХ ВОЕННОСЛУЖАЩИХ НА СРОЧНУЮ СЛУЖБУ

09.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЖАС САРБАЗДАРДЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

09.09.2026

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 91 СТУДЕНТІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

09.09.2026

Ориентиры развития страны: высоко оценен сборник избранных размышлений Президента

08.09.2026

​Ел дамуының бағдары: Президенттің таңдаулы сөздерінің жинағы жоғары бағаланды

08.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.