Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

17.09.2025

«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында.

Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш тіркелді.

Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес, 2025 жылы Шымкентке 1 трлн 54 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2029 жылдары өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашу көзделуде. Бұл жобаларға 406 млрд теңге инвестиция тартылып, 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Аталған бес жылдық пулды жүзеге асыру жұмыстары басталып кетті. Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 73 млрд теңгені құрайтын 22 кәсіпорын іске қосылады. Оның нәтижесінде 1,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Солардың ішінде 2025 жылдың наурыз айында «QazAlPack» ЖШС-нің алюминий қаптамасын өндіретін зауыты пайдалануға берілді.

Жобалардың жүзеге асырылуы өнеркәсіп өнімін 50 млрд теңгеге ұлғайтуға және экспорт көлемін 18 млн АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Инвесторларға қолдау көрсету мақсатында өнеркәсіптік алаңдарда инфрақұрылымы дайын жер телімдері ұзақ мерзімге жалға ұсынылады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер төмендетілген тарифпен көрсетіліп, арнайы экономикалық аймақ резиденттеріне салықтық жеңілдіктер беріледі.

Қазіргі таңда қала аумағында жалпы көлемі 1 276 гектарды құрайтын 7 өндірістік аймақ жұмыс істеп тұр. Оның ішінде аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» және 132 гектарлық «Бозарық» индустриалды аймақтары 2024 жылы пайдалануға берілді.

Бүгінде Шымкентте инвесторлармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі инфрақұрылым қалыптасқан. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті бастамашыларға келісімшарттарға қол жеткізуде қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы №248 қаулысымен «Shymkent Invest – Front office» инвестицияларды тарту және инвесторларды қолдау орталығы» ЖШС құрылды. Орталықтың негізгі міндеттері – қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған аналитикалық зерттеулер жүргізу, инвесторларға қызмет көрсету, қаланың инвестициялық имиджін нығайту, сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл ұйымдастыру.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.