Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Саясат»КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР – КҮШТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМГЕ ЖОЛ
Саясат

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР – КҮШТІ ПАРЛАМЕНТАРИЗМГЕ ЖОЛ

24.01.2026

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырыста болашақтағы мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты бірқатар маңызды бастамалар көтерілді.

Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі жан-жақты талқыланды. Жұмыс тобы заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізуді ұсынды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны пысықталса, үшінші оқылымда оның заңнамалық тұрғыдан дұрыстығы қамтамасыз етіледі. Бұл – сапалы әрі жауапты заң қабылдауға мүмкіндік беретін қадам.

Сонымен қатар, заң шығару үдерісінің үздіксіздігін сақтау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Парламент жұмыс істемейтін кезеңдерде заң шығару функциясын Президентке жүктеу ұсынысы көтерілді. Бұл мемлекет басқаруында үзіліс болдырмауға бағытталған орынды шешім ретінде бағаланды.

Парламенттегі квоталар мәселесіне де нақты ұстаным білдірілді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «президенттік квота» болмайды, ал депутаттардың барлығы тең жағдайда, ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Бұл болашақ Құрылтай құрамын жасақтауда әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған партиялық квоталардың сақталуы — әлеуметтік инклюзияны қолдаудың маңызды тетігі.

Президент институтының қызметіне қатысты дауыс беру кворумы бойынша да қазіргі Конституциядағы тепе-теңдік пен тежемелік механизмдерді сақтап қалу ұсынылды. Бұл билік тармақтары арасындағы балансты нығайтуға мүмкіндік береді.

Маңызды бастамалардың бірі — негізгі мемлекеттік органдарды қалыптастырудағы Құрылтайдың рөлін күшейту. Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін Құрылтайдың келісімімен тағайындау ұсынысы айтылды. Сонымен қатар, Президенттің ұсынысы бойынша Жоғары сот судьяларын сайлау құзыретін де жоғары өкілді органға беру көзделіп отыр.

Бұл өзгерістер Құрылтайды конституциялық органдарды қалыптастыратын беделді әрі ықпалды институтқа айналдырады. Мәжілістің өкілеттіктерін Құрылтайға беру және Сенаттың айрықша функцияларын қайта қарау — ұлттық парламентаризмді дамытудың жаңа кезеңі.

Жалпы алғанда, ұсынылған бастамалар билік тармақтары арасындағы тежемелік пен тепе-теңдікті күшейтуге, сондай-ақ «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидатын толық жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадамдар ретінде бағаланады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026

Президент волонтерлік қозғалыс гуманитарлық ықпалдастықтың құрамдас бөлігі болуы керек деп пайымдайды

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.