Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«ТҮЛЕКТІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МЕКТЕБІ» КУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАС МАМАНДАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

«ТҮЛЕКТІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ МЕКТЕБІ» КУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНЫП, ЖАС МАМАНДАРҒА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

16.06.2026

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Мансап апталығы: Job Ready Teacher» аясында ұйымдастырылған «Түлектің жұмысқа орналасу мектебі» Upgrade кәсіби курсының қорытынды жиыны өтті. Курс барысында бітіруші курс студенттері еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеріп, резюме дайындау, мотивациялық хат жазу, enbek.kz платформасымен жұмыс істеу, сұхбаттасу және мансаптық жоспарлау бағыттары бойынша тәжірибелік білім алды.
Курс әзірлеуші серіктестер Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейі, Зерделі мектебі және Қаратау ауданы бойынша Мансап орталығы болып табылады. Іс-шара барысында университет Басқарма Төрағасы – ректор м.а Әлібек Нұртаев құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда сапалы біліммен қатар еңбек нарығында өз орнын таба алатын, кәсіби тұрғыдан дайын мамандарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар университет түлектерінің жұмыспен қамтылуын қолдау білім беру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі екеніне тоқталды. Мансап орталығының басшысы Мәселбек Әділхан, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ж.Жылбаев болашақ мамандарды даярлаудағы серіктестіктердің тиімді тетігін айтып, алғыс білдірді.
Өз кезегінде Өнер және білім факультетінің бітіруші түлегі Асан Рабиға курс ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, болашақ жұмыс ордасына бейімделуге және жұмыс іздеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік болғанын жеткізді. Жиын соңында курсты сәтті аяқтаған білім алушыларға сертификаттар, ал бағдарлама әзірлеушілері мен серіктестерге алғыс хаттар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – жоғары оқу орнын аяқтағалы отырған түлектердің еңбек нарығына сенімді қадам басуына қолдау көрсету, олардың кәсіби құзыреттерін жетілдіру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру болды. Бағдарлама аясында ұйымдастырылған тәжірибелік сабақтар мен тренингтер студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қатысушылар жұмыс берушілердің талаптарымен танысып, заманауи еңбек нарығындағы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат алды.
Курс барысында мамандар түлектерге жұмысқа орналасу кезінде жиі кездесетін мәселелерді шешу жолдарын түсіндіріп, өзін-өзі таныстыру, кәсіби қарым-қатынас орнату, сұхбат барысында сенімді жауап беру, уақытты тиімді басқару және мансаптық даму стратегиясын құру бағытында тәжірибелік кеңестер ұсынды. Мұндай кездесулер студенттердің өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, болашақ кәсіби жолын нақты жоспарлауына оң ықпал етті.
Университетте өткізілетін мұндай жобалар білім алушылардың кәсіби даярлығын күшейтіп қана қоймай, жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайтуға да мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде оқу орны мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткішін арттыруға және бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.