Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ

10.07.2026

Шымкент қаласындағы іргелі білім ордасы – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жаңа 2026–2027 оқу жылына қабылдау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда, шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге өтініш білдірген талапкерлер үшін арнайы сыноқ емтихандары ресми түрде басталды.

Аталмыш білім ордасы жыл сайын өнер, спорт, бастапқы әскери дайындық және басқа да арнайы дағдыларды талап ететін мамандықтар бойынша жүздеген талантты жастарға есігін айқара ашады. Шығармашылық бағытты таңдаған абитуриенттер бекітілген ережелерге сәйкес екі кезеңнен тұратын арнайы емтихан тапсырып, өздерінің жеке қабілеттерін, кәсіби бейімділігін, теориялық дайындығын және орындаушылық шеберлігін сарапқа салуда.

Емтихан процесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бекітілген талаптары мен нормативтік стандарттарына толық сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, оқу орны басшылығы тарапынан сыноқтардың әділ, ашық және объективті өтуін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Емтихан өтіп жатқан аудиториялар мен арнайы спорттық, өнер залы техникалық бақылау құралдарымен жабдықталып, талапкерлерге өз мүмкіндіктерін толық ашуға барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Талапкерлердің білімі мен өнерін сараптау үшін білікті оқытушылардан, ғылым кандидаттары мен өз саласының майталман мамандарынан құралған арнайы комиссия мүшелері жұмыс істеуде. Комиссия құрамы әрбір талапкердің шығармашылық әлеуетін жан-жақты зерделеп, әділ бағалауды жүзеге асыруда.

Айта кету керек, шығармашылық мамандықтарға даярланатын жас мамандарға бүгінгі таңда еңбек нарығында, әсіресе білім беру, мәдениет және спорт салаларында сұраныс өте жоғары. Сондықтан бұл емтихандар тек оқуға түсу сынағы ғана емес, сонымен бірге Шымкент өңірі мен оңтүстік аймақтың мәдени, педагогикалық және спортық әлеуетін арттыратын болашақ кәсіби кадрларды сапалы іріктеудің маңызды кезеңі болып табылады.

Жоғары білім ордасына түсуді армандаған жастар бұл сыннан мүдірмей өтіп, болашақ білікті педагог, өнерпаз немесе спорт шебері болуды мақсат етеді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ өңірдегі жоғары білім беру мен ғылым саласын дамытуда, сондай-ақ бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас мамандарды даярлауда бұл қабылдау науқанының маңызы зор екенін атап өтеді.

Университет ұжымы талапкерлерге сәттілік тілеп, болашақ студенттерді білім мен ғылымның қарашаңырағында асыға күтеді. Емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өз жалғасын табуда.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.