Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде
    Жаңалықтар

    Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

    11.09.2026

    Қалада «Заң мен тәртіп» қағидатын, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытында жұмыстар одан әрі жалғасуда. Жуырда мегаполисте экологиялық ахуалды жақсартуға, атмосфералық ауаның сапасын арттыруға және қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды рейд өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, экологиялық қызмет мамандары және полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.
    Ведомствоаралық бірлескен жұмыс еліміздің үшінші мегаполисінде экологиялық ахуалға кері әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталды. Рейд барысында ауаның ластануының негізгі көздерінің бірі саналатын автокөліктерді тексеруге ерекше назар аударылды. Экологиялық қызмет мамандары «Арғымақ» автокөлік базарында арнайы газ талдағыш құралдардың көмегімен көліктердің шығарындыларындағы зиянды заттардың деңгейін өлшеді. Экологиялық нормалардан асып кеткен көлік құралдары ерекше бақылауға алынып, олардың иелеріне тиісті нұсқамалар берілді.
    Сонымен қатар, мобильді топтар құрылыс алаңдары мен өнеркәсіптік аймақтарды тексерді. Негізгі мақсат – құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз төгу фактілерінің жолын кесу. Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай рейдтер бір реттік акция емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Шымкентте «жасыл» экономика қағидаттарын енгізуге басымдық беріліп, экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылау осы стратегияның маңызды тетігі болып отыр.
    Іс-шара барысында атмосфералық ауаны ластау және абаттандыру талаптарын сақтамауға қатысты бірнеше ондаған заңбұзушылық анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бақылау жұмыстарымен қатар, ведомство өкілдері кәсіпкерлер мен көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығын еске салды.
    Қала әкімдігі Шымкенттегі экологиялық мониторинг жұмыстары күшейтілетінін хабарлады. Алдағы уақытта экологиялық бақылау бекеттерінің желісін кеңейту және ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.
    Қала тұрғындарын экологиялық құқықбұзушылықтарға бейжай қарамай, қоршаған ортаға зиян келтіретін фактілер туралы тиісті органдарға хабарлауға шақырады. Өйткені, туған қаланың тазалығына әр азаматтың қосқан үлесі маңызды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.