Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БАЗАСЫНДА ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛЫП, 100 МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БӨЛІНДІ
Жаңалықтар

Ө. ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БАЗАСЫНДА ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛЫП, 100 МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БӨЛІНДІ

13.07.2026

Шымкент қаласындағы жоғары білім мен ғылым саласы халықаралық деңгейге бет бұрды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің базасында Түркия Республикасының іргелі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі — Гази университетінің (Gazi Üniversitesi) филиалы ресми түрде өз жұмысын бастады.

Аталмыш ауқымды халықаралық ынтымақтастық аясында отандық білім беру жүйесін жаңғырту және бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау мақсатында B018 (TR-545) – «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша 100 мемлекеттік грант бөлініп отыр. Бұл   Шымкент өңірінің мен еліміздің талантты жастары үшін халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуға ашылған бірегей мүмкіндік.

Болашақ студенттер үшін бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік грант конкурсына қатысудың нақты шарттары бекітілген. Атап айтқанда, құжат қабылдау науқаны 13–20 шілде аралығында жүргізіледі. Талапкерлер мемлекеттік грант конкурсына өтініш беру кезінде ұсынылатын 4 таңдаудың бірі ретінде TR-545 арнайы кодын енгізуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін Ұлттық біраңғай тестілеудің (ҰБТ) бейіндік пәндері «Дүниежүзі тарихы» және «Ағылшын тілі» болуы шарт. Ал ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл кемінде 100 баллды құрауы керек. Айта кету керек, мамыр, маусым және шілде айларында тапсырылған ҰБТ сертификаттарының барлығы да жарамды деп танылады.

Сондай-ақ, оқуға түсу кезінде IELTS немесе TOEFL сияқты халықаралық тіл сертификаттары міндетті түрде талап етілмейді. Дегенмен, талапкерде мұндай сертификаттардың болуы конкурс барысында қосымша артықшылық беруі мүмкін.

Айта кету керек, бұл халықаралық жоба тек теориялық білім берумен шектелмей, студенттерге заманауи шетелдік әдістемелерді меңгеруге, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға және болашақта халықаралық деңгейде танылатын жоғары білікті шет тілі мамандары болып шығуға жол ашады. Екі елдің жетекші оқытушыларынан дәріс алу арқылы жастар еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті педагогикалық кадр болып қалыптасады.

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен Түркияның Гази университеті арасындағы бұл бірлескен жоба   өңірлік жоғары оқу орындарын халықаралық деңгейде дамытудың, ғылым мен білім саласындағы кооперацияны нығайтудың айқын көрінісі. Халықаралық деңгейдегі сапалы білім алып, Түркияның жетекші ЖОО-ның грант иегері атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. TR-545 кодын таңдап, болашағыңызға сенімді қадам жасаңыз!

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.