Еліміздің оңтүстік өңіріндегі ең іргелі білім ордаларының бірі — Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті атажұртта білім алуды армандаған шетелдік азаматтар мен шет елдерде тұратын қандастарымыз үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Оқу орны жаңа оқу жылында оқуға түсетін шетелдік студенттер мен қандастарға алғаш рет бірінші оқу жылы бойы тегін жатақхана беру туралы шешім қабылдады.
Бұл бастама — мемлекетіміздің шетелдегі отандастарды қолдау саясаты мен Жәнібеков университетінің интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы стратегиялық қадамдарының бірі. Атамекенде сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуды мақсат еткен жастар үшін бұл өте үлкен әлеуметтік колдау болып табылады.
Жәнібеков университетін таңдаудың басты артықшылықтары
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті шетелдік талапкерлер мен қандастарға білім алудың оңтайлы әрі жеңілдетілген шарттарын ұсынады. Атап айтқанда:
- ҰБТ-сыз қабылдау: Оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсыру талап етілмейді. Талапкерлерді қабылдау арнайы комиссияның жүргізетін сұхбаттасу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
- Көпдеңгейлі білім беру бағдарламалары: Арнайы дайындықтан өтіп, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ақылы негізде сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар.
- Халықаралық деңгейдегі диплом: Университет түлектері Қазақстанда және халықаралық деңгейде мойындалған мемлекеттік үлгідегі дипломға ие болып, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
- Әлеуметтік қолдау: Бірінші оқу жылында заманауи үлгіде жабдықталған университет жатақханасы тегін беріледі.
Қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі
Университетке оқуға тапсыру процесі максималды түрде оңтайландырылған. Талапкерлер келесі құжаттар топтамасын ұсынуы қажет:
- Талапкердің жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт);
- Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен нострификацияланған (танылған) орта білім туралы аттестат немесе диплом;
- Медициналық анықтамалар (063/у және 075/у нысандары бойынша);
- Флюорографиядан өткені туралы ресми қорытынды.
Айта кету керек, бірінші оқу жылына берілетін тегін жатақханадағы орындар саны шектеулі! Осыған байланысты университет қабылдау комиссиясы талапкерлерге құжат тапсыруды кешіктірмей, уақытты тиімді пайдалануға кеңес береді.
Жәнібеков университеті — тек сапалы білім беру ордасы ғана емес, сонымен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосатын үлкен достық мекені. Атамұрамызды ұлықтап, заманауи ғылымды меңгеруге ұмтылған әрбір отандасымызды білім ордасы құшақ жая қарсы алуға дайын.
Байланыс және кеңес алу үшін:
Оқуға түсу шарттары мен құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты +7 705 857 07 55 телефоны арқылы білуге болады. Сондай-ақ осы нөмір бойынша WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы да хабарласып, жедел кеңес алуға мүмкіндік бар.
