Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ 289 ТҮЛЕГІНЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДЫҢ 289 ТҮЛЕГІНЕ ЗАПАСТАҒЫ «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

10.07.2026

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде әскери кафедрада даярлықтан өткен түлектерге алғашқы запастағы «лейтенант» әскери атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Еліміздің белді ЖОО-ларының бірі саналатын қара шаңырақта білім алған жастар енді азаматтық мамандығымен қатар Отан қорғаушы офицерлік мәртебеге де ие болды.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №204-ОҚ бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Бұйрыққа сәйкес, университеттің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша толық әскери курсты аяқтаған 289 түлекке жоғары білім туралы дипломдарымен бірге алғашқы запастағы «лейтенант» әскери атағы ресми түрде берілді.

Салтанатты жиында университеттің Басқарма мүшесі – бірінші проректоры Құрманғалы Сарыкулов пен әскери кафедра бастығының міндетін уақытша атқарушы, запастағы подполковник Абдихан Урустамбеков сөз сөйлеп, жас офицерлерді үлкен белестерімен құттықтады. Олар бұл күннің жастар өміріндегі батылдық, тәртіп, табандылық пен жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін ерекше атап өтті.

«Студенттік жылдарыңызды азаматтық біліммен қатар әскери даярлықты қатар алып жүріп, оны табысты аяқтауларыңыз — үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Сіздерге Отанға адал қызмет етіп, офицерлік абыройды әрдайым биік ұстауды тілеймін», — деді Құрманғалы Сарыкулов.

Сондай-ақ шарада университеттің әскери-жұмылдыру бөлімінің бастығы, Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстардың ардагері, «Айбын» орденінің иегері, запастағы полковник Берік Омаров құттықтау сөз сөйледі. Ол жас лейтенанттарға ізгі тілегін білдіріп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда офицерлік антынан таймауға шақырды.

Айта кету керек, жоғары оқу орны базасында әскери кафедраның нәтижелі жұмыс істеуі — жас мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Азаматтық мамандықпен қатар офицерлік шен алып шыққан түлектерге мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, күштік құрылымдарда және ірі өндірістік компанияларда кең мүмкіндіктер ашылады. Бұл М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың тек ғылым мен білімнің ордасы емес, жан-жақты дамыған, жауапкершілігі жоғары патриот азаматтарды тәрбиелейтін жетекші өңірлік орталық екенін айқын дәлелдейді.

Бұл айтулы оқиға өңірлік зерттеу университетінің білікті мамандар даярлап қана қоймай, жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудегі стратегиялық рөлін тағы бір мәрте айқындады. Рәсім соңында түлектерге арнайы офицерлік погондар мен дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.