Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымы, «Биология және география» кафедрасының доценті Роза Жумаханова жоғары ғылыми атаққа ие болды. Еліміздің отандық ғылымы мен білім беру саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген техника ғылымдарының кандидатына «Биологиялық ғылымдар» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) мәртебесі ресми түрде берілді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 10 шілдедегі №536 бұйрығы шықты. Бұйрыққа сәйкес, техника ғылымдарының кандидаты Жумаханова Роза Калдашовнаға 10500 – «Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы бекітілді.
Роза Калдашовна — М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың «Биология және география» кафедрасында ұзақ жылдар бойы студенттерге сапалы білім беріп, биологиялық ғылымдар саласында іргелі әрі қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізіп келе жатқан білікті маман. Ғалымның жетекшілігімен және қатысуымен биология, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында біршама ғылыми жобалар мен мақалалар жарық көрген.
«Өңірлік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушыларының еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, жоғары ғылыми атақтардың берілуі — университет ұжымы үшін үлкен мәртебе. Бұл жетістік өңірдегі биологиялық ғылымдардың әлеуетін көтеріп, жас зерттеушілерге тың серпін береді», — деп атап өтті оқу ордасының өкілдері.
Мемлекет басшысының отандық ғылымды өркендету, өңірлік зерттеу университеттерін нығайту және оқытушы-ғалымдарды қолдау саясаты аясында М. Әуезов атындағы ОҚЗУ базасында білікті кадрлар қатарының көбеюі ерекше маңызға ие.
Айта кету керек, қазіргі таңда биологиялық және экологиялық зерттеулер аймақтың биоалуантүрлілігін сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде басты рөл атқарады. Биологиялық ғылымдар бағытында жоғары білікті ғалымдардың қалыптасуы университеттің зерттеушілік статусын нығайтып қана қоймай, студенттер мен магистранттарды озық ғылыми жобаларға тартып, өңірде іргелі ғылымның ілгерілеуіне кең жол ашады.
Айта кету керек, өңірде биология және экология бағыты бойынша осындай бәсекеге қабілетті кадрлардың қалыптасуы Шымкент қаласы мен оңтүстік өңірдің табиғи ресурстарын зерттеуге, экологиялық мәселелерді шешуге және өндірістік әлеуетті арттыруға тікелей ықпал етеді.
Ғалым Роза Калдашовнаны заңды ғылыми атағымен құттықтаймыз! Отандық ғылымды дамыту жолындағы қажырлы еңбегіне толағай табыстар, жаңа ғылыми жаңалықтар мен шығармашылық заңғар биіктер тілейміз!
