Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«Шәмші әлемі» әсем әнге бөленді
Жаңалықтар

«Шәмші әлемі» әсем әнге бөленді

15.08.2026

15 тамыз – Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осы айтулы датаға орай Шымкент қаласындағы «Шәмші әлемі» гүлзарында «Бақыт құшағында» атты гала-концерт өтті.

Мерекелік іс-шарада қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері алдымен «Шәмші әлемі» гүлзарында орналасқан Шәмші Қалдаяқов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шәмші Қалдаяқовтың мол мұрасын ұлықтаған кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Одан кейін ән саңлағының қазақ музыкасының алтын қорынан орын алған “Теріскей”, “Құшақ жайған қандай адам”, “Қайықта”, «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», “ Әнім сен едің”, “Қайдасың?”, “Отырардағы той”, “Шынарым”, “Ақмаңдайлым», «Бақыт құшағында», «Сыр сұлуы», «Дүңген қызы»,«Сыған серенадасы» сынды туындылары шырқалды.

Шәмші Қалдаяқов – ұлттық музыка өнерінде өзіндік өрнегін қалыптастырған бірегей тұлға. Оның әуендерінен қазақ даласының кең тынысы, халықтың қуанышы мен мұңы, сағынышы мен махаббаты, туған жерге деген перзенттік сезімі айқын аңғарылады. Сондықтан да композитор туындылары уақыт өткен сайын көмескіленбей, қайта әр буынның жүрегіне жол тауып келеді.

Гала-концерт барысында өнерпаздар Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің және қалалық Опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен композитордың көпшілікке кеңінен танымал шығармаларын жанды дауыста орындады. Әсем әнге бөленген «Шәмші әлемі» көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Сахнада шырқалған әр шығарма қала тұрғындары мен қонақтарын Шәмші Қалдаяқов өмір сүрген дәуірге жетелеп, қазақ ән өнерінің қайталанбас әлеміне бойлатты. Бірі туған жерге деген сағынышты жеткізсе, бірі махаббат сырын ақтарды, енді бірі анаға деген перзенттік сезімді асқақтатты. Осылайша, кеште орындалған әндер композитор мұрасының уақыт өткен сайын жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халықпен бірге жасай беретінін тағы бір мәрте айғақтады.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.