Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»Елдің болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырамын
Жаңалықтар

Елдің болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырамын

16.08.2026

Құрылтайдың басты ерекшелігі – ел өміріне қатысты маңызды мәселелерді ашық талқылап, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының пікірін ортаға салуға мүмкіндік беруінде. Сондықтан Құрылтай сайлауы – жай ғана өкіл таңдау емес, елдің болашағына қатысты ортақ жауапкершілікті сезінудің көрінісі. Сайланған азаматтар халықтың аманатын арқалап, қоғамның өзекті мәселелерін батыл көтеріп, нақты ұсыныстар енгізе білуі керек.
Бүгінде қоғамның талап-тілегі де, елдің алдында тұрған міндеттер де өзгеріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың жұмысы азаматтардың үнін естіп, түрлі көзқарастарды бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық диалог алаңы ретінде бағаланады. Мұнда айтылған әрбір ұсыныс пен пікір елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және азаматтық белсенділіктің артуына бағытталуы тиіс.
Құрылтай құрамына сайланатын азаматтар ең алдымен елдің мұң-мұқтажын түсінетін, халықпен етене араласатын, өз саласында тәжірибесі мен қоғамдық беделі қалыптасқан тұлғалар болғаны маңызды. Себебі халықтың сенімін арқалау – үлкен жауапкершілік. Өкілдер өзіне берілген мүмкіндікті жеке мүддеге емес, елдік мәселелерді шешуге, қоғамның ортақ мүддесін қорғауға бағыттауы қажет.
Әсіресе білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, өңірлерді дамыту, қоршаған ортаны қорғау сияқты қоғам үшін маңызды бағыттар тұрақты назарда болғаны жөн. Бұл мәселелерді талқылау барысында әр өңірдің ерекшелігі мен тұрғындардың нақты қажеттіліктері ескерілгені дұрыс.
Меніңше, Құрылтайдың тиімділігі оның құрамындағы азаматтардың белсенділігімен ғана емес, көтерілген мәселелердің нақты шешімдерге ұласуымен өлшенеді. Сондықтан сайланған өкілдер халықпен тұрақты байланыс орнатып, елдің ұсыныс-тілектерін жүйелі түрде жеткізіп отыруы керек. Сонда ғана Құрылтай қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты күшейтіп, елдің болашағына қатысты маңызды бастамалардың жүзеге асуына ықпал ететін тиімді алаңға айналады.

Талғат ИСКАКОВ, Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты,
«БалТекстиль» компаниясының құрылтайшысы

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.