Олар сырттан немесе басқа саладан келген жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен меритократия қағидаты бойынша арнайы комиссия шешімімен тағайындалды. Бұл қадам ұйым ішінде ұзақ жылдар бойы тер төккен кәсіби мамандардың еңбегін шынайы бағалаудың айқын көрінісі. Жаңадан тағайындалған жетекшілер өз біліктілігінің арқасында қатардағы қызметкерден жоғары лауазымға дейін сатылап өсті.
Сондай-ақ мансаптық сатының бұл деңгейіне жоғары оқу орнын үздік бітірген дарынды түлектер де тартылып, оларға үлкен жауапкершілік жүктелді. Осындай кешенді тәсіл ішкі кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануға әрі ұжымның жұмысқа деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Ең бастысы, жаңа құрам жүйенің тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі білетіндіктен, алға қойылған міндеттерді сапалы әрі жедел атқаратынына сенім мол. Бұл ұстанымның нақты нәтижесін жаңа басшылардың қызмет жолынан да көруге болады.
Мәселен, университеттің Өзбекстан Республикасындағы Шыршық филиалының директоры қызметіне техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Жарылқасынұлы Айтуреев тағайындалды.
Ол Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің түлегі. Аталған оқу орнында 34 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында білім беру, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық бағыттарда және басшылық қызметте мол тәжірибе жинақтады.
Ал ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректордың орынбасары қызметіне PhD докторы, қауымдастырылған профессор Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы тағайындалды.
Ұлжалғас Бақытқызы — химиялық технология саласының ғалымы, профессор, ғылыми-педагогикалық бағытта көп жылдық тәжірибесі бар маман. Жоғары білімін қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде алып, кейін магистратура мен докторантурада білімін жалғастырған. 2016 жылы PhD ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолында жоғары білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды дамыту салаларында қызмет атқарған. Мұхтар Әуезов атындағы университетте ғылыми-зерттеу басқармасының директоры болып, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға жетекшілік еткен. Бүгінде химиялық технология және химиялық инженерия бағыттарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жас ғалымдарды дайындауға үлес қосып келеді. Ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген. Ғылыми жобаларға жетекшілік етіп, химиялық технология мен инновациялық зерттеулердің дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ректор аппаратының басшысы лауазымына Нұрсұлтан Кенжебаев бекітілді.
Нұрсұлтан Кенжебаевтың мемлекеттік қызметте 13 жылдан астам тәжірибесі бар. Қаржы және құқықтану саласында білімі бар, экономика және бизнес магистрі, Executive MBA дәрежесінің иегері. Еңбек жолын ҚР Білім және ғылым министрлігінде бастап, Мұхтар Әуезов атындағы университетте Әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарған. Кейін ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында депутат көмекшісі, бас консультант, сектор меңгерушісі болып еңбек етті.
Университеттің Медиа орталығының басшысы қызметіне Эльмира Тұрлыбекова келді.
Эльмира Жапарбекқызы — Мұхтар Әуезов атындағы зерттеу университетінің түлегі. ҚР Журналистер одағының мүшесі. Еңбек жолын 2003 жылдары жергілікті басылымнан бастап, теле-радиожурналистика, редакторлық, ақпараттық-коммуникациялық бағыттарда еңбек еткен. «Оңтүстік» телеарнасында жетекші редактор, диктор, шеф-редактор қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде, «Шымкент ақпарат» орталығында, республикалық El.kz ақпараттық-танымдық порталында жұмыс істеген.
«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің басшылығына Нұрлыбек Отарбаев тағайындалды.
Нұрлыбек Шырынбекұлы — көп жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы зерттеу университетінің түлегі. 2004 жылы «Отын және көміртегі материалдарының химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-химик-технолог біліктілігін алған. 2020 жылы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғаған.
Нұрлыбек Отарбаев қара шаңырақта білім алушылардың контингентін қалыптастыру бөлімінің басшысы, Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры, бас менеджер-үйлестірушісі, жоғары мектеп деканының оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, декан міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.
«Спорт және туризм» факультетінің деканы қызметіне Сабит Абилдабеков тағайындалды.
Ол Абай атындағы ҚазҰПУ-да, Қазақ спорт және туризм академиясында, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде түрлі қызметтер атқарған. Еңбек жолын 1991 жылы дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасында оқытушылық қызметтен бастаған. Әр жылдары жоғары оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарып, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі бағытында ғылыми-педагогикалық жұмыстар жүргізген. 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы. Оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар және халықаралық конференция материалдарын жариялаған.
