Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды
Жаңалықтар

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабын таныстыруға арналған іс-шара өтті.

Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, еңбекте қамтылған ел дамуының өзекті бағыттары мен қоғамдық құндылықтарды талқылады.

Университеттің Басқарма Төрағасы – ректор Мұхтар Әділбекұлы кітаптың мазмұнына тоқталып, «Адал азамат», «Кемел адам», «Толық адам» тұжырымдарының мәнін атап өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қағидатының азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық мәдениетті қалыптастырудағы маңызына назар аударды.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағы Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан мемлекетшілдік ұстанымын, елдің бүгіні мен болашағына қатысты көзқарастарын қамтиды. 21 тақырыптық бөлімнен тұратын еңбекте заң мен тәртіп, әділеттілік, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, жастар, цифрландыру және қоғамдық жауапкершілік мәселелері кеңінен қозғалған.

Ректор білім мен ғылымға арналған ойлардың университет қауымы үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.

«Бүгінгі заман – білектінің емес, білімдінің, яғни ақыл-ой бәсекесінің заманы», – деген Мемлекет басшысының сөзі білім мен ғылымның елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін айқындайды.

Мұхтар Әділбекұлының айтуынша, қазіргі университеттердің міндеті кәсіби маман даярлаумен ғана шектелмейді. Білім беру ұйымдары терең білімді, сыни ойлайтын, ғылым мен инновацияға ұмтылатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат қалыптастыруы тиіс.

Іс-шара барысында оқытушылар кітаптың қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызына тоқталып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

10.09.2026

ЖАСТАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ САБАҚТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

10.09.2026

Как уберечь молодежь от киберугроз: в Шымкенте продолжаются уроки цифровой грамотности

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН САЛТАНАТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10.09.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖӨӨ-ДЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.09.2026

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ СТУДЕНТТЕРДІ ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

10.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.