Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

11.09.2026

Жоғары білім беру жүйесінде сапалы білім берумен қатар, жастарға ұлттық тәрбие беру, патриотизмді қалыптастыру және аға буын өкілдерінің өмірлік тағылымын жас ұрпаққа дарыту — заманауи университеттің басты стратегиялық бағыттарының бірі. Осы орайда Шымкент қаласында ардагерлер ұйымы мен университеттің бірлескен Академиялық кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

Ауқымды әрі танымдық маңызы жоғары жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев арнайы қатысты. Сондай-ақ маңызды басқосуға Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев, төраға орынбасары Асқар Жұмабайұлы, сонымен бірге Республикалық ұлттық құндылықтар академиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әбила Көздібайқызы қатысып, өздерінің салмақты ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Жаңадан құрылған Академиялық кеңестің құрамына университеттің бірқатар білікті профессор-оқытушылары, профессорлары мен жауапты мамандары мүше болып енгізілді. Жиын барысында аға буын өкілдерінің, еңбек ардагерлерінің мол өмірлік және кәсіби тәжірибесін ЖОО-ның білім беру мен тәрбие үдерісіне тиімді интеграциялау, студент жастарға ұлттық құндылықтарды, салтымыз пен дәстүрімізді кеңінен дәріптеу, патриоттық тәрбиені күшейту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар білім ордасы мен өңірлік ардагерлер ұйымы арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, бірлескен тәрбиелік жобалар мен қоғамдық бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бірлескен Академиялық кеңес – тәжірибелі ардагерлердің тағылымы мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізіп, білім мен тәрбиені ұлттық құндылықтармен ұштастыруға бағытталған бірегей әрі маңызды диалог алаңына айналмақ.

Жиын барысында жаңа оқу жылына арналған бірқатар нақты міндеттер айқындалып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту, студенттер арасында кездесулер мен дөңгелек үстелдерді жиі өткізіп тұру жөнінде бағалы ұсыныстар айтылды. Шымкентте өңірлік жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу және ЖОО-дағы әлеуметтік-тәрбиелік ортаны дамыту жұмыстары алдағы уақытта да белсенді түрде жүргізіледі.

Сондай-ақ шара соңында қатысушылар бұл бастаманың өңірдегі басқа да оқу орындарына үлгі болатынына сенім білдіріп, бірлескен жұмыс жоспарын бекітті. Алдағы уақытта Академиялық кеңес аясында студенттердің елге еңбегі сиңген ардагерлермен ашық сұхбаттары, танымдық дәрістері мен рухани-ағартушылық іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады. Бұл қадам жастардың бойында жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор серпін береді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.