Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»«КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ЭСТАФЕТА ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ЭСТАФЕТА ЖАЛҒАСУДА

11.09.2026

Кітап – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасы, сарқылмас білім мен рухани құндылықтардың бастауы. Заманауи білім беру кеңістігінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – тек жеке тұлғаны дамытудың құралы ғана емес, сонымен бірге елдің интеллектуалдық потенциалын арттырудың, сапалы білім мен ғылымды ілгерілетудің негізгі діңгегі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Құрылтай мен өзге де алқалы жиындарда жастар арасында кітап оқу мәдениетін қайта жаңғырту, олардың ойлау өрісін кеңейту және интеллектуалды ұлт қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Президент өз сөзінде білімді, сауатты, кітаппен дос ұрпақ қана бәсекеге қабілетті мемлекет құра алатынын бірнеше рет атап өткен болатын.
Осы озық бастаманы іс жүзінде қолдау және білім ордаларында академиялық ортаны байыту мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Кітап оқитын университет» арнайы жобасын ресми түрде қолға алды.
Аталған жоба аясында университет аумағында және барлық оқу ғимараттарында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын, ізденіске баулитын заманауи кітап оқу бұрыштары («Open Library» ашық кітапхана аймақтары) ұйымдастырылды. Бұл орындарда жастар дәстүрлі әдебиеттермен қатар, ғылыми-танымдық, инновациялық және тұлғалық дамуға арналған туындыларды еркін оқып, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Өңірлік ірі зерттеу университетінің ендігі басты мақсаты – бұл оң бастаманы тек бір оқу орнының шеңберінде қалдырмай, еліміздің барлық жоғары оқу орындары арасында кеңінен насихаттау және академиялық ынтымақтастықты нығайту. Осыған орай, М. Әуезов атындағы ОҚЗУ ұжымы «Кітап оқитын университет» масштабты челленджін бастап, оны өзге өңірлік ЖОО-ларға эстафета ретінде жолдайды.
Бастаманың алғашқы эстафетасы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректор Сеитбек Куанышбаевқа салтанатты түрде жолданды. Бұл бастама еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіндегі жоғары білім беру ошақтары арасындағы білімділік пен ғылыми-ағартушылық байланысты одан әрі бекіте түсетіні сөзсіз.
Кітап оқитын университет – кітап оқитын, білімді әрі толыққанды интеллектуалды ұлтқа бастар сенімді қадам! Білім мен ғылымның салтанат құруы жолындағы бұл эстафета барлық өңірде кеңінен қолдау табады деп сенеміз.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.