Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Әндері ел жадында, үні сахнада
    Жаңалықтар

    Әндері ел жадында, үні сахнада

    26.09.2026

    Шымкент қаласының өнердегі қара шаңырағы Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 98-маусымын жаңа қойылыммен ашты.

    Жаңа маусымның шымылдығы елге танымал әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала» қойылымымен түрілді.

    Бұл қойылымның көрермен үшін орны бөлек. Өйткені Ержан Серікбаевтың әндері оңтүстік өңірінің ғана емес, күллі қазақтың жүрегінен орын алған. Арада жылдар өтсе де, оның әуезді әндері сахнадан түспей, халықтың жадында жаңғырып келеді. Өкінішке қарай, жалындаған шағында өмірден озған өнер иесінің ғұмыры қысқа болғанымен, артында қалдырған шығармашылық мұрасы мәңгілікк.

    Маусымашар кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, театр ұжымына ізгі тілегін білдірді.
    Композитордың ұлы Бейбарыс Серікбаев, жары, туған-туыстары мен жақындары да кеш төрінен орын алды.

    Театр директоры Дархан Балажановтың айтуынша, Ержан Серікбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған қойылымды сахналау көптен бері ойда жүрген үлкен мақсаттың бірі.

    -Бұл қойылымды бір жылдан астам уақыт дайындадық. Ержан Серікбаевтың өміріне тоқталуымыздың басты себебі оның әндерін қайта жаңғыртып, жастардың есіне салу. Туыстарымен, достарымен, көзін көрген азаматтармен кездесіп, көптеген деректер жинадық. Ел арасында Ержан ағамызды “екінші Шәмші” деп атаған. Сондықтан оның шығармашылығы сахнада қайта өмір сүруі керек деп көркемдік кеңеспен шешім қабылдадық. Театрдың қалыптасқан дәстүріне сай жаңа маусымды жаңа қойылыммен ашуды жөн көрдік. Көрерменді қуантқымыз келді, – деді театр басшысы.

    Ал, қойылым режиссеры Әли Бидахмет үлкен бір арманының орындалғанын айтады.

    — Ержан ағаның шығармашылығына арналған қойылымды сахналау көптен бергі арманым еді. Бүгін сол арманым орындалды. Ержан ағамыздың жетпіске жуық әні бар. Соның 17-сін осы қойылымға енгізіп, әр әнді сахналық көрініспен сабақтастыра отырып жеткізуге тырыстық. Біздің мақсатымыз композитордың шығармашылығын қайта жаңғыртып қана қоймай, оның әндерін бүгінгі көрерменге, әсіресе жастарға жаңаша таныту, – деді қойылым режиссері Әли Бидахмет.

    Қойылым барысында шырқалған әр ән арқылы Ержан Серікбаевтың шығармашылық болмысы, өмір жолы, арманы мен өнерге деген махаббаты көрініс тапты.

    Жаңа маусымда Шанин театры көрерменіне бірқатар жаңа туындылар ұсынбақ. Театр басшысының айтуынша, биылғы репертуарда ауқымды әрі тарихи-танымдық тақырыптарға басымдық берілген. Соның бірі мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған спектакль.

    Сахна төрінде Ержан Серікбаевтың әндері шырқалып, оның өнердегі ізі қайта жаңғырған кеш көрермен көңілінен шықты. Қойылым соңында залдағы ұзақ қол шапалақ өнер иесіне деген құрметті, сағыныштты аңғартты.

    Ержан Серікбаевтың әндері өлген жоқ. Оны бүгінгі кеш дәлелдеді. Әуенімен ел жадында қалған өнерпаздың шығармалары енді театр сахнасында жаңа тыныс алып, кейінгі буынға қайта жол тартты.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    «ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

    10.10.2026

    СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

    10.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.