Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

    03.10.2026

    Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам индустриясының үздік өкілдерін бір алаңға жинады.

    Фестивальдің мақсаты – заманауи көше тағамдары мәдениетін дамыту, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін кеңінен таныстыру және Шымкенттің гастрономиялық әрі туристік әлеуетін көрсету. Сонымен бірге, шара қала тұрғындарына отбасымен, достарымен бірге уақыт өткізіп, түрлі тағамдардан дәм татып, музыка тыңдап, көңіл көтеруге мүмкіндік берді.

    Фестиваль аясында арнайы гастрономиялық алаң ұйымдастырылып, оған Шымкенттегі 40 үздік фуд-локация қатысты. Келушілер түрлі тағамдардан дәм татып, өздеріне ұнаған орындармен танысты. Бір жерде ыстық тағамдар әзірленсе, енді бір жерде тәттілер мен сусындардың түр-түрі ұсынылды. Сондықтан фестиваль аумағында адам қарасы да азаймай, шара басталғаннан соң-ақ қызу атмосфера қалыптасты.

    Қала тұрғындарының бірі Гүлназ Муслимова фестивальден алған әсерімен бөлісті.
    – Бүгін қаламызда осындай керемет фестиваль өтіп жатқанына қуаныштымыз. Келіп, жақсы әсер алып жатырмыз. Көше тағамдарының бірнеше түрінен дәм татып көрдік. Барлығы қызықты ұйымдастырылған. Мұнда тек тамақтанып қана қоймай, түрлі ойындарға қатысып, әуен тыңдап, көңіл көтеруге болады. Достарымызбен бірге жақсы уақыт өткізіп жатырмыз. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, қала тұрғындары үшін де, қонақтар үшін де жақсы болар еді, – деді қала тұрғыны.

    Шараның ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын тудырған сәттерінің бірі – көлемі мен салмағы жағынан ауқымды хот-дог дайындау болды. Бұл бастама Қазақстанның рекордтар кітабына ену мақсатында ұйымдастырылды.
    «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының директоры Заманбек Орынбеков фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі осы рекордтық хот-дог дайындау екенін атап өтті.
    – Биылғы фестивальді ерекше форматта өткізуді мақсат еттік. Оның бір ерекшелігі – Қазақстанның рекордтар кітабына енуге талпыныс жасап, ең үлкен хот-дог дайындау. Бұл жай ғана көлемді тағам әзірлеу емес, фестивальдің есте қаларлық сәттерінің біріне айналатын ерекше жоба. Оны жүзеге асыруға серіктестеріміз де үлкен қолдау көрсетті. Атап айтқанда, Zigi Zagi сусыны мен «Нәрлен» компаниясы біздің басты серіктестеріміздің қатарында. Осындай қолдаудың арқасында фестивальді мазмұнды әрі қызықты өткізуге мүмкіндік болды, – деді орталық директоры.

    Рекордтық хот-догты дайындау барысын фестиваль қонақтары қызығушылықпен тамашалады. Ерекше тағамның әзірленуі көпшілік үшін күтпеген әрі есте қаларлық көрініске айналды.

    Фестивальде гастрономиялық бағдарламамен қатар мәдени-музыкалық шараларға да кең орын берілді. Кеш бойы сахнада түрлі музыкалық композициялар орындалып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ал, кештің басты музыкалық қонақтарының бірі – танымал қазақстандық орындаушы Ziruza болды.

    Әншінің өнерін тамашалауға жиналған көрермендер әнге қосылып, фестивальдің жалпы атмосферасын одан әрі жандандыра түсті. Осылайша, тағам мен музыка үйлесіп, шара кәдімгі гастрономиялық жәрмеңкеден көңілді қалалық мерекеге ұласты.

    «Street Food Fest» арқылы Шымкенттің гастрономиялық мәдениеті ғана емес, қаланың туристік әлеуеті де кеңінен таныстырылды. Көше тағамдары бүгінде көптеген қалалардағы туристік мәдениеттің бір бөлігіне айналып келеді. Шымкент үшін де мұндай шаралар жергілікті тағам орындарын танытып, шаһардың өзіндік дәмін қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетуге мүмкіндік береді.

    Этно-ауылдың ұлттық нақыштағы ортасы мен заманауи street food форматының қатар үйлесуі де фестивальдің өзіндік ерекшелігін айқындады. Қонақтар бір жағынан ұлттық атмосфераны сезінсе, екінші жағынан заманауи тағам мәдениетінің түрлі үлгілерімен танысты.

    «Street Food Fest» осылайша Шымкенттің гастрономиялық мәдениетін танытқан, жергілікті кәсіпкерлердің басын қосқан және қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мазмұнды шаралардың біріне айналды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026

    Тау, жүгіру және технология: AI SPORT Түркістан облысындағы халықаралық Sairam-Su Trail жарысын қолдады

    13.10.2026

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    «ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

    10.10.2026

    СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

    10.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.