Әлеуметтік мемлекет құрудың басты мақсаты – азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау және өмірдің түрлі кезеңдерінде әлеуметтік қолдау көрсету.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 31-бабында азаматтарға ең төменгі жалақы мен зейнетақыға кепілдік беру, сондай-ақ жасына, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және заңда көзделген өзге де негіздерге байланысты әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бекітілген.
Бұл норма зейнеткерлер, еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтар және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін әлеуметтік қорғаудың конституциялық негізін қалыптастырады.
Түркістан облысында халықтың басым бөлігінің ауылдық елді мекендерде тұратынын ескерсек, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі ерекше маңызды. Атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту шаралары және мұқтаж азаматтарды қолдау бағдарламалары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік қолдаудың тиімділігі көмекке мұқтаж азаматтарды дер кезінде анықтауға, олардың қажеттілігін ескеруге және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге байланысты.
Әлеуметтік мемлекет – азаматтың өмір сапасына мән беретін, адамға және оның болашағына инвестиция жасайтын мемлекет.
