Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР – ҰЛТТЫҚ ЖАДТЫҢ НЕГІЗІ
    Жаңалықтар

    ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР – ҰЛТТЫҚ ЖАДТЫҢ НЕГІЗІ

    02.11.2026

    Биыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Оңтүстік өңір архивінің құрылғанына 100 жыл толып отыр. Осы қос мерейтойға орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Қазақстан тәуелсіздігіне – 35 жыл: архив құжаттары, тарихи жады және ұлттық тарихты зерделеудің мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
    Іс-шараны университеттің Тарих және педагогика факультетіндегі «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы Түркістан облысының мемлекеттік архивімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған профессор-оқытушылар, студенттер және архив саласының мамандары қатысты. Жиында тәуелсіздік кезеңін құжаттық деректер негізінде зерттеу, ұлттық тарихи жадты жаңғырту, қорларды сақтау мен цифрландыру, сондай-ақ мәдени мұраны ғылыми айналымға енгізу бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер аясында ұлттық мемлекеттілік пен тарихи сабақтастық туралы пікірлер айтылды.
    Факультет деканы Қ. Уразбаев басқосудың тарихи мұраны насихаттау мен жастардың тарихи санасын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
    Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің директоры Г. Шардарбекова қорларда сақталған өңір шежіресіне қатысты құнды құжаттардың ғылыми маңызына тоқталды. Ал Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің директоры К. Тасыбекова мекеменің ғасырлық даму кезеңдері, құжаттарды сақтау, жүйелеу және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
    Университеттің Ақпараттық-білім беру орталығының басшысы И. Саурбаева «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында баяндама жасап, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және тарихи танымды қалыптастыру мәселелерін көтерді. Семинар аясында «Ғасырлық жад – ұлтқа аманат» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінен сыр шертетін құнды құжаттар мен материалдар ұсынылды.
    Көрме материалдары архивтің тек құжат сақтайтын мекеме емес, тарихи білімді ұрпаққа жеткізетін маңызды ғылыми-мәдени орта екенін көрсетті. Қатысушылар ұсынылған деректердің оқу үдерісінде, өлкетану жұмыстарында және зерттеу жобаларында қолданылу мүмкіндіктерін де атап өтті.
    Қорытынды бөлімде ғалымдар мен архив мамандары дереккөздерді ғылыми зерттеулерде тиімді пайдалану және университет пен архив мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ҰСТАЗ ЕҢБЕГІН ҚҰРМЕТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

    27.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    26.11.2026

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰСТАЗ ЕҢБЕГІН ҚҰРМЕТТЕУ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

    27.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ ЕЛДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

    26.11.2026

    Түркістанда «Мәдениеттер диалогы 2026» халықаралық симпозиумы басталды

    26.11.2026

    ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

    26.11.2026

    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

    26.11.2026

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

    26.11.2026

    «Халықтық құрылыс» – ел экономикасын дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба

    26.11.2026

    ЕЛ БОЛЫП ИГІ ІСТЕР ЖАСАЙТЫН КЕЗЕҢДЕМІЗ – ҚҰРЫЛТАЙ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

    25.11.2026

    ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

    25.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.