Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Адам саудасына қарсы акция өткізді
    Басты ақпарат

    Адам саудасына қарсы акция өткізді

    31.07.2021

    Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асырып, құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен құқық қорғаушылары қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың 30-шілдесінде Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай, қала аумағында ауқымды акция ұйымдастырды.

    Іс-шараның мақсаты адам саудасына қатысты қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

    Аталған шараға қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Самғау сенім» арнаулы әлеуметтік қолдау орталығы, «Сана сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығының өкілдері атсалысты.

    Акция барысында тәртіп сақшылары теміржол вокзалы, әуежай, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саудасының профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер қала тұрғындарына адам саудасы фактілері туралы кеңінен ақпарат беріп, бұл құқық бұзушылықтарға куә болған жағдайда жедел ішкі істер органдарына хабар беру керектігін түсіндірді.

    Сондай-ақ, акция барысында азаматтарға республикалық «қызу желілердің» логотиптері бар парақшалар, қаламсаптар, блокноттар және шынаяқтар таратылды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар тек белгілі күнге байланысты ғана емес, жоспарлы түрде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

    «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы.

     

    https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.