Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ЭПИДАХУАЛ БОЙЫНША ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Басты ақпарат

ЭПИДАХУАЛ БОЙЫНША ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

31.07.2021

Шілде айының соңына қарай еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы:

«Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. Ең өкініштісі, азаматтарымыздан айырылып жатырмыз. Сондықтан шұғыл түрде іс-шараларды қолдануымыз керек. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет», деді.

Шымкент қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы республикалық штабтың отырысы өтті.

Штаб отырысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.

Басқосуда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Жыл басынан бері мегаполисте 17 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болса бүгінгі күнге дейін 11 мыңға жуық науқас емделіп шықты. Қазіргі уақытта 5974 адам емделуде, оның ішінде 2 321 стационарда,  3 626 үйде карантиндік режимде. Соңғы 14 күнде COVID-19  жұқтырған науқастармен байланыста болған 374 азамат амбулаториялық бақылауда. Ал соңғы тәулікте 262 науқас жазылып, ауруханадан шығарылса, 323 адам ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі таңда қалада 3 180 мамандандырылған жұқпалы аурулар төсегі бар. Төсектердің толымдылығы — 73%, бос төсектер – 859 құрайды.

Өткен тәулікте жедел жәрдемге 2318 қоңырау келіп түскен. Соңғы 4 күнде шақырулар саны 2 594-тен төмендегені байқалады. Қалада екпе салатын 45 бекет бар. Онда 1-ші компонентпен 362 165 адам, 2 – ші компонентпен-261 657 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 1 компонентімен 68%, 2 компонентімен 49% вакцинацияланды.

Тұрақтандыру қорынан дәрі-дәрмектер сатып алуға 200 миллион теңге бөлінсе, дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында қалалық әкімдік резервінен 5 түрлі дәрі-дәрмек сатып алуға 180 млн.теңге бюджет қаражаты бөлінді.

Жиын соңында Денсаулық сақтау министрі мемлекет барлық бағыт бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін айтып,  Мемлекет басшысының медициналық мекемелерді жарықтандыру, науқастарды емдеу әдісін енгізу және басқа да өзекті сұрақтарды шешу бойынша тапсырмаларын орындау жұмыстарын күшейту қажет екенін жеткізді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.