Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ӨҢІРЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Басты ақпарат

    ӨҢІРЛЕРДІҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    04.08.2021

    ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында өңірлердегі санитарлық-эпедемиологиялық жағдай талқыланды.
    Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ахуалды баяндады. Ол дельта штамм пайдалы болғалы бері Шымкент қаласында эпидахуал күрделене түскенін айтты. Шілде айында коронавирус жұғу 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1489 жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталған.
    Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Емделіп шыққан науқастардың саны –11 848, 405 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 7275 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 4 916 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 2 359 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – 575.
    -Бүгінгі таңда қаладағы жұмыстар B сценарийімен жүріп жатыр. 3 190 төсек-орын жасақталды, онда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жаңсақтау бөлімінде 487 төсек орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 78 пайыз. Жалпы, үш сценарийге де дайынбыз. Соңғы 4 күнде жедел медициналық шақырулар саны 2 594-тен 2 453–ке төмендеді, — деді қала әкімі.
    Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 371 543 адам, 2 – ші компонентпен-278 988 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 1 компоненті 68%, 2 компоненті 51% вакцинацияланды.
    Бастапқы медициналық көмек көрсету мақсатында 36 емханада 205 мобильді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 916 науқаспен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 11 658 адамға медициналық қызмет көрсетуде.
    Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.
    Мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.
    Қаладағы 4748 бизнес субьектісі «Ashyq» жобасына қосылды, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 қызыл және 229 сары мәртебелі азаматтар анықталған.
    Инфекцияны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация екенін айтқан Премьер-Министр өңірлердегі вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізуді, карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.