Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»Карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда
    Басты ақпарат

    Карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

    04.08.2021

    Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жиында «Карантин талаптарын қатаң сақтау және жаппай вакцина ектіру арқылы ғана коронавирус індетін ауыздықтау мүмкін екенін айтқан еді. Сол жиында карантиндік режимді қатаңдатумен қатар сол режимнің талаптарының орындалуын да қатаң қадағалаудың қажеттігін ескерткен.
    Себебі, карантинді қанша қатайтқанымен оны түсінбейтін, өзіне де айналасындағыларға да қауіп төндіріп, індет жұқтыруы мүмкін екенін ескермейтіндер арамызда әлі табылуда. Шымкент қаласының әкімінің тапсырмасымен қаладағы мобильдік топтардың санын арттырып, жұмысын жандандыру өз нәтижесін бере бастады.
    Мысалы, қаладағы Әл-Фараби  ауданының тәртіп сақшылары Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Наурыз» бильярд клубының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 23:00-ге дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
    Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
    Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.Өйткені, оны бұзу арқылы ең алдымен өз өміріңізге, туыс-жақындарыңыздың өміріне, айналадағылардың өміріне қауіп төндіретініңізді ұмытпағаныңыз жөн.

    https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.