Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»«САМҒАУ СЕНІМ» ОРТАЛЫҒЫ 300-ДЕН АСТАМ ЖАНҒА ПАНА БОЛДЫ
Басты ақпарат

«САМҒАУ СЕНІМ» ОРТАЛЫҒЫ 300-ДЕН АСТАМ ЖАНҒА ПАНА БОЛДЫ

06.08.2021

Мемлекет басшысының қарапайым халықты құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту бағытында жұмыс жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес үшінші мегаполисте әкімдік қоғамдық, үкіметтік ұйымдармен бірлесіп тұрақты жұмыс жасап келеді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты «Самғау сенім» орталығын аралап, қызмет сапасын бақылады. Сонымен қатар, қызмет алушылармен тікелей әңгімелесіп, мұң-мұқтаждықтарын тыңдады.

«Самғау Сенім» орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Бүгінде дағдарыс орталығында түрлі қиындықтарға душар болған 25-ке жуық қыз-келіншек пен балалар қызмет алуда. Барлығы да әлеуметтік және құқықтық қамқорлыққа мұқтаж.

Айта кетсек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандармен мұнда 9 бағыт бойынша жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда, әлеуметтік-құқықтық бағыт бойынша орталық заңгерлері тарапынан  неке бұзу, алиментке құжатты рәсімдеу, баланың туу туралы куәлігі мен сот шешімінің көшірмесін алу, бұғатталған жеке есеп шотты ашу, қызмет алушыларға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарына сүйемелдеу бойынша қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, психолог мамандар олардың күйзелістен шығып, қайта аяққа тұруларына кәсіби тұрғыда жәрдемдеседі.

Жалпы «Самғау Сенім» орталығы 2019 жылдан бастап жұмыс істеуде. Осы уақыт аралығында  579 адамға пана болып, әлеуметтік көмектер көрсетілген. Ал жыл басынан бері 311 адам қызмет алған.

Кездесу барысында қызмет алушылар тарапынан айтылған өтініш-ұсыныстар басқарма басшылығымен бақылауға алынды. Мақсат – қандай да бір құқық бұзушылыққа, оның ішінде тұрмыстық жағдайдағы құқық бұзушылыққа жол бермеу, алдын алу арқылы отбасы институтын нығайту.

 

 

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.