Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК
    Басты ақпарат

    ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    06.08.2021

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қоғамдағы тәртіпті нығайтып, қандай да бір құқық бұзушылықтарды болдырмауды, ол үшін құқық қорғау органдарының жұмысын ширатып, реформалауды тапсырған. Осы саланың жұмысын саралау үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

    Департамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мемлекеттік органның жарты жылдықта атқарған жұмысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Қаланың Бас полицейі есепті кезеңде бірқатар қылмыс түрлерінің саны төмендегенін айтты. Атап айтқанда, тонау, пәтер ұрлығы, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны біршама азайған. Қылмыстың ашылу деңгейі де жақсарған. Мәселен соңғы 3 жыл көлемінде ауыр және аса ауыр санаттағы кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр жарақат салу, зорлау секілді қылмыстар толығымен ашылған.

    Қала әкімі әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанымен, кейбір қылмыс түрлерінің саны артып, нәтиженің көңіл көншітпейтінін айтты. Шымкентті қауіпсіз қала ету үшін жаңаша реформа әзірлеуді тапсырды. Полиция тарапынан ұсыныс берілсе әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

    Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін негізгі индикаторлар белгіленіп, ай сайын соның нәтижесін зерделеп отырудың маңыздылығын, «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша учаскелік полицейлердің жұмысын жандандыруды, көшедегі қайыршыларға назар аудару қажеттігін айтты.

    Сонымен бірге, шаһар басшысы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтты. Бір апта рейд болып, келесі аптада қайта тәртіпсіздік орнауы, камераның кейбір жерде істен шығып тұруы, ретсіз сауда орындары мен заңсыз сауда нүктелерінің болуы, ондағы санитарлық талаптардың сақталмауы – қаланың имиждін бұзатын дүниелер екенін ескертті.

    Жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың жолдан өту, мектеп ішіндегі қауіпсіздігін назарға алуды тапсырды. Одан бөлек, экополицейлердің жұмысын күшейту керек, деді.

    Халық арасында наразылық тудырмау үшін жаңадан қойылатын камералар туралы халыққа барынша ақпараттық насихат жүргізуді, Ынтымақ-2 шағынауданында криминогендік ахуалды реттеуді, ақылды бағдаршамдар санын көбейтуді, халық тығыз орналасқан елдімекендерге 100 мобильдік полиция пунктін қою жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Жалпы мегаполисте құқық бұзушылықтың алдын алу арқылы тұрғындардың сеніміне ие болу, қалада заңдылық сақталуы, тәртіп болуы арқылы халықтың тыныш та жайлы өмірін қамтамасыз ету басты мақсат екенін айтты.

    https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.