Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТ БАЗАРЛАРЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ
    Басты ақпарат

    ШЫМКЕНТ БАЗАРЛАРЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

    06.08.2021

    Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күшейтілді,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бүгінгі таңда карантин режиміне байланысты барлық санитарлық талаптардың орындалуы маңызды. Атап өткенде, маска кию, санитайзерлердің болуы мен арақашықтықты сақтау сынды нормалардың орындалып жатқандығы қатаң бақылауға алынды.

    Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген.

    Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керектігін назарға алды.

    Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда. Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған 5 кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды.

    Қала тұрғындарының НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ!

    Адам көп жиналатын орындарға бармау, бетпердені (маска) дұрыс тағу, карантин талаптарын бұзбау, сондай-ақ, той, жиын, ас басқа да іс шаралар өткізуге тыйым салынған.

     

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

    08.10.2026

    Нашақорлық – қоғам дерті

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.