Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ
Басты ақпарат

ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

09.08.2021

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына күнделікті рейд жүргізуде. Мемлекет басшысы айтқандай «Таза қала» акциясы тазалыққа, тұрғындардың жауапкершілігін күшейтуге көмектеседі. Екінші жағынан тұрғындардың әкімдікпен бірге жасаған тазалық жұмыстарын бүлдіріп, көрінген жерге қоқыс тастап, бүлдіріп кететіндер де кездеседі. Сондай тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алып, құрықтау үшін мегаполисте тұрақты түрде профилактикалық іс-шара жүргізіліп келеді.
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 64 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Ағымдағы жылдың 7-тамызында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен рейдттік іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде, 64 көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы (жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті азаматтың Байтұрсынов көшесінің бойына құрылыс қалдықтарын тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сол сияқты Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен өткен іс-шара барысында Ақназархан көшесі бойына қала тұрғыны автокөлік доңғалақтарын шығарып қойғаны анықталды. Аталған азаматқа абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

08.10.2026

Нашақорлық – қоғам дерті

08.10.2026

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

08.10.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.