Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ
Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

09.09.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына келді,-деп хабарлайды «Newqazaq.kz» ақпараттық порталы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласында ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізіп, әлеуметтік нысандарды аралады.

Көшпелі отырыста Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын атап өтті.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты индикаторларына қолжеткізу қажеттілігі туралы міндет қойды. Сондай-ақ, оқужылының дәстүрлі формата басталуына байланысты мектептерде санитариялық нормаларды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қаланың медициналық мекемелері ұжымдарымен кездесу барысында Е. Тоғжанов мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында медициналық мекемелер азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Низамхан» жеке мектебін аралау барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласындағы жеке мектептер желісін дамыту бойынша жұмысқа оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Президент өз Жолдауында елдегі биологиялық қауіпсіздікті және нарықты отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды. «Химфарм» АҚ, «KazMedPribor» ЖШС аралау барысында мемлекеттік органдарға отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сапар соңында Вице-Премьер Е.Тоғжанов қала басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://newqazaq.kz/ Жаңа қазақ! шымкент Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.