Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕР БАТЫРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕР БАТЫРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07.05.2022
Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов Жеңіс күніне орай қаладағы ардагерлерді құттықтады. Бүгінгі таңда Кентау қаласында 1 ғана соғыс ардагері қалған. Ең алдымен батырдың шаңырағында болып, құрмет көрсетті.
— Қадірлі ардагер, біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз. Өскелең ұрпаққа тыныш заманды сыйлаған батырларымыздың ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Барлық ерен еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды айтамын, — деген қала әкімі батыр ардагерге облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар мемлекеттен бөлінген 1 млн. теңге сыйақының сертификатын табыстады.
Ардагер Бадан Туребаев 1924 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімн көзге түскен. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты.
I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 қараша айында оралып еңбекке араласты. Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бейбіт күнде бақытты ғұмыр кешіп, 98 жасты алқымдап отырған абзал ақсақал 5 перзентінен 16 немере, 15 шөбере көріп отыр.
Соғыс жылдарында қолына қару алып майданда жүрмесе де, сол сұрапыл соғыста жер жыртып, мал баққан тыл ардагерлерінің де еселі еңбектері орасан. Қала басшысы тыл ардагері Күмістан Кудекованың отбасында болып, ел үшін атқарған еңбегіне алғыс білдірді. Мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Құрметке бөленген ардагерлер елдің тыныштығын, халықтың амандығын тілеп ақ баталарын берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
#Кентау қаласы #Түркістан жаңалықтары
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.