Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КЕНТАУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫ ДЕП ТАНУДЫ ҰСЫНДЫ
    Аймақ

    МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КЕНТАУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫ ДЕП ТАНУДЫ ҰСЫНДЫ

    20.04.2023
    ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Болатқызына депутаттық сауал жолдады.
    Депутат министрге жолдаған сауалында Кентауды экологиялық аймақ деп тану арқылы 100 мың халықтың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз деген пікірін жеткізді.
    «Түркістан облысының Кентау қаласындағы экологиялық жағдай күннен күнге күшейе түсіп жатыр. Бұл мәселеге негізгі себептің бірі — қаланың Арал аймағына жақын орналасқандығы. Арал маңындағы қазақстандық бөліктің қарқынды шөлге айналуы халықтың әл-ахуалының қолайлы шарттарының жойылуына, атап айтқанда аурушаңдықтың артуына алып келіп жатыр. Осы себептер бойынша Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарының кейбір аймақтары экологиялық апат аймақтары болып танылды. Ал, сол сәтте Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданы сол тізімге енбей қалды», — деді Ұласбек Сәдібекұлы.
    Депутат атап өткендей, қазіргі кезде Кентау қаласындағы ауа мен судың ластануынан қала тұрғындарының арасында онкологиялық аурулар да асқына түскен.
    «Мәселен, 2020 жылы онкологиялық аурумен науқастанып, қайтыс болғандардың көрсеткіші 49,5 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 51,5-ке көбейген. Ал, 2022 жылы 62,4 болып отыр. Әрине, бұл дабыл қағарлық мәселе деп білемін. Кентау қаласына қарасты Құсшы ата ауылындағы жолдың арғы беті экологиялық аймаққа жатса, бергі беті экологиялық аймақ деп есептелмейді. Барлық тұрғынның жұтып отырғаны бір ауа. Бәйдібек ауданында да дәл осындай жағдай бар. Сондықтан Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа жатқызуға болады деп санаймын», — деді депутат.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ЖИТЕЛИ ТУРКЕСТАНА ВСТРЕЧАЮТ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ С БОЛЬШИМИ ДОСТИЖЕНИЯМИ

    23.10.2026

    ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    ШЫМКЕНТТІКТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

    23.10.2026

    В Шымкенте отметили День Республики

    23.10.2026

    ЫНТАЛЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

    23.10.2026

    РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    23.10.2026

    «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС IV КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

    23.10.2026

    Guard Next: Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан оркестрі Көк-Төбеде өнер көрсетті.

    22.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.