Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТӘТТІЛЕР ШЫҒАРАДЫ
Аймақ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТӘТТІЛЕР ШЫҒАРАДЫ

31.08.2023
Сарыағаш ауданында тәулігіне 3 млн 200 000 мың дана сағыз, 3 000 кг шоколад, 165 000 дана чупа – чупс шығарылады. Өндіріс орнында 100-ден аса адамды жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтыған. «Fresboom» ЖШС-і 28 түрлі кондитерлік өнім шығарып жатыр. Мұнда өндірілген тәттілер қазіргі таңда көрші Ресей мемлекеті мен еліміздің барлық облыс, қалаларына жеткізілуде.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әкімдерге қояр талаптарының бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру, өндіріс орындарын ашып, жұмыс орындарын көбейту. Бұл бағыттағы жұмыстарға күш салынды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округінде орналасқан «Fresboom» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Аталған кәсіпорын 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған.
Сарыағаш ауданындағы жылыжайларды, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін ескере отырып, жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу бағытын дамыту қолға алынды. Осыны ескере отырып, «Damdes Agro» қазақстандық компания қытайлық компаниямен (GUAN-FANG Food Machinery) келісім жасап, жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ол жерде көкөніс мұздатқыш (шоковая заморозка), жеміс-жидек өнімдерін кептіру, көкөністерді қайта өңдеу және орау материалдарын (упаковка) шығару цехтары ашылатын болады. 50 адам жұмыспен қамтылады.
Облыста бизнесті қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, қажетті шаралар қабылдануда. Осы қолдауларды тиімді пайдаланып, өндірісті кеңейтіп және жаңа өндіріс ошақтарын ашу бағыты бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
Ауданда шағын және орта бизнес саны 20 мыңнан асты. Олармен өндірілген өнім көлемі былтыр 87 млрд. теңгені құрады. Биыл Сарыағаш ауданында қосымша 3,2 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

22.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

21.09.2026

«ТАЗА КАЗАХСТАН»: ТЫСЯЧИ ПОЛИЦЕЙСКИХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВЫШЛИ НА СУББОТНИК

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.