Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Мәдениет»ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
    Мәдениет

    ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

    06.09.2023
    ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
    Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман жұмысқа қабылданды.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Аталған Заң жобасы қоғамдық талқылаудан өтуде. Облыс орталығына айналғанына бес жыл болған Түркістан қаласын шын мәнінде тек қазақтың емес, түркі әлемінің мәдени, рухани елордасына айналдыру жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу, өңір мәдениетін дамыту, өнер майталмандарынан құралған шығармашылық ұжымдарды қалыптастыру үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тапсырма берген болатын.
    Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніне түрлі бағыттағы өнер ұжымдарын ашу үшін 100 штат беріліп, материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңа өнер ұжымдарына сахналық киімдер мен музыкалық аспаптар алуға тиісті қаражат бөлініп отыр. Атап айтқанда, хореографиялық би ұжымы, этнофольклорлық ансамбль, биг-бэнд ансамблі, классикалық, эстрадалық, дәстүрлі, заманауи бағыттағы әншілер топтарына мамандар қабылдануда. Осыған орай еліміздегі өнер мамандықтары оқытылатын жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатылып, мамандар шақыртылуда.
    Айта кетейік, өнерпаздарға жаңа мүмкіндік ретінде бос жұмыс орындарына кастинг жарияланып, алғашқы байқау 14 тамыз күні өткізілген болатын. Оған Қазақстанның әр өңірінен 40-қа жуық түрлі өнер майталманы мен жас мамандар қатысты. Атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Петропавл облысынан және Түркістан облысының аудан, қалаларынан өнер мамандары келіп, өз бақтарын сынады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

    30.09.2026

    Достық пен келісім акциясы аясында

    28.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ТАЗА АУЫЗСУ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

    29.10.2026

    ️Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Токаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Қасым-Жомарт Тоқаев:

    28.10.2026

    Президент:

    28.10.2026

    ️Президент:

    28.10.2026

    Мемлекет басшысы:

    28.10.2026

    ⚡️Президент:

    28.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.