Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АРМРЕСТЛИНГ СПОРТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ШАРДАРАНЫҢ БРЕНДІНЕ АЙНАЛДЫ»
    Аймақ

    ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «АРМРЕСТЛИНГ СПОРТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ШАРДАРАНЫҢ БРЕНДІНЕ АЙНАЛДЫ»

    12.09.2023
    Жуырда Алматы қаласында қол күресінен 44-ші әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сайыс жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар мен ересектер және ерекше қажеттілігі бар спортшылар арасында ұйымдастырылды. Білекті де жүректі спортшылар жиналған армрестлинг додасына 50-ден аса мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Әлемдік додада Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жалпы еліміздің саңлақтары 39 алтын медаль қанжығаласа, оның ішінде 21 алтын және 4 күміс медальді Түркістан облысы, Шардара ауданының өрендері иеленді. Атап айтсақ, жеткіншектер арасында 3 алтын, жасөспірімдер арасында 9 алтын, жастар арасында 3 алтын, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 1 алтын, ересектер арасында 5 алтын және 4 күміс жүлдені жеңіп алды.
    Бүгін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды әлем чемпиондарын қабылдап, құрмет көрсетті.
    – Әлем чемпионатындағы жеңістеріңізбен Сіздерді және барша жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын! Армрестлинг спорт түрінің облысымызда орны ерекше. Бүгінде бұл спорт Түркістан облысы мен Шардараның брендіне айналды десек болады. Еліміздің құрама командасының негізін Шардара ауданының спортшылары құрайды. Ауызбіршіліктеріңізге ризамын. Осы спорт түрін Шардарада, елімізде дамыта білген даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың еңбегін атап өтуіміз керек. Мұндай жетістікке жан-жүрегімен жұмыс істеген, өз мамандығын шексіз жақсы көретін бапкер ғана жете алады. Сіздердің жеңістеріңізге үнемі мақтанып жүреміз. Еліміздің бірде-бір өңірінде спортта мұндай табыс жоқ. Жүзден аса әлем чемпионын шығару – тамаша жетістік. Жігіттермен бірге батыр қыздарымыз да әлем чемпионы атанып, Әнұранымызды шырқатты. Ерекше қажеттілігі бар спортшыларымыз да сенімді ақтады. Бұл спорт түрін өзге аудан, қалаларда дамытуды қолға алу керек. Спорт дамыса, жастар зиянды әдеттерден аулақ болады. Қолдау көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі жеңістеріңіз еліміздің спорттық тарихына алтын әріппен жазылады, – деген Дархан Сатыбалды өңірде спорт нысандары салынып жатқанын, спорт саласына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
    Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов спортшылардың жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ қол күресінен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы әрі жаттықтырушы Қыдырғали Оңғарбаев өңір басшысына алғыс білдіре отырып, жеңімпаз кубогын табыстады. Бұл ірі жеңісті Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арнайтындарын жеткізді. Спортшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, естелік суретке түсті.
    Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Осы орайда облыста 45 спорт нысаны бой көтерді. Оның ішінде көпфункционалды «Olympic Center» спорт кешені ашылды, «Түркістан-Арена» стадионы, «Теннис орталығы» пайдалануға берілді. Конституция күні қарсаңында «Мұз сарайы» ашылды. Қазіргі таңда облыста Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені мен ескек есу каналының құрылысы жүргізілуде.
    Айта кетейік, шардаралық спортшылар бүгінгі күні Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 149 алтын, 84 күміс және 19 қола, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 328 алтын, 146 күміс және 98 қола медальға қол жеткізіп отыр. Оның ішінде 107 әлем чемпионы даярланды. Алматыдағы додада Назира Зиядулла, Зейнеп Тазабек және Аружан Абдулла мен ерекше қажеттілігі бар спортшы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 10 дүркін, Азияның 7 дүркін жеңімпазы Ұлықбек Құралбаев және өзге де сайыпқырандар бар.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    06.10.2026

    БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

    05.10.2026

    🌍🥊 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛЕР! 🇮🇹🏆

    27.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.