Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА «ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА «ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

09.10.2023
Отырар ауданында «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен кездесуге құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері, ұстаздар, БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен оқушылар, жалпы 400-ден аса жас қатысты.
Іс — шара Отырар халық театрының жастар тәрбиесіне қатысты сахналық қойылымымен басталды. Форумға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
– Бүгінде жастарға деген қамқорлық барлық салада көрініс табуда. Елімізде қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларда жастардың рөлі мен белсенділігіне айрықша мән берілген. Сіздерге мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Ендеше, аудан жастары мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенемін, – деді аудан басшысы.
Жиында аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ермек Өсербаев пен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Досанов жастар арасындағы құқықбұзушылықдың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы, сондай-ақ діни экстремизм мен нашақорлық сияқты жат қылықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өз кезегінде аудандағы білім саласының ардагері Белгібай Мәрия жастарды үнемі пайдалы іспен айналысып, жақсылық жасауға шақырды.
Форум соңында аудан өнерпаздары патриоттық әндерді шырқап, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.