Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»Мектеп оқушылары шекарашылардың жәрдемшісі
Аймақ

Мектеп оқушылары шекарашылардың жәрдемшісі

21.11.2023
Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік.
Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Бүгінде Қазақстанның ұлан-ғайыр шекарасы шегенделген. Еліміз тәуелсіз болған 1991 жылдың желтоқсанынан кейін іргелі мемлекеттің шекарасын күзету күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1992 жылдың 18 тамызында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі құрылды. Еліміз Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен шектеседі. Республиканың құрлықтағы мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы – 13 402 шақырым.
Біздің Мақтаарал ауданы шекаралы аймақта орналасқан. Өзбекстанның бірнеше ауданымен шектесіп жатқан өңірімізде шекараны қорғаудың жауапкершілігі өте жоғары, бұл салада темірдей тәртіп, қырағылық басты назарда болуы керек. Шекара беріктігін сақтауда шекарашыларымызға Бірлік ауылдық округі, Қ.Пернебаев елді мекеніндегі №34 ЖОМ жанынан құрылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері жәрдемші болып, өнеге танытуда. Биыл қыркүйек айында шекарадан заңсыз өтпек болған азаматтардың әрекеті жайында шекарашыларға дер кезінде ақпарат беріп, шекара бұзушылардың жолын кескен осы мектеп оқушыларының ерлікке пара-пар ісіне сүйсіндік.
 9 «А» – сынып оқушысы – Көбей Алихан Ниязханұлы мен 10 «Ә»-сынып оқушысы Әбсаттар Бекболат Бекжаппарұлы оқу озаттары, қоғамдық іске белсене қатысады.
– Біз сабақтан соң үйге қайтып келе жатып, шекараны бұзып өтпек болған бөгде адамдардың іс-әрекетіне күдікпен қарап, тез арада шекарашыларға хабар бердік. Сол заматта-ақ, шекарадан заңсыз өтпек болған азаматтар ұсталды, – дейді «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының
мүшелері.
С.ҚАЛДЫБАЕВ. Мақтаарал ауданы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.