Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Аймақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

28.11.2023
Астанада кәсіби шеберлікті шыңдайтын VIII «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық чемпионаты өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 22 жасқа дейінгі 500-ден астам студент және мықты сарапшылар қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген азаматтар 29 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Үш күнге жалғасқан жарыс қорытындысымен Түркістан облысының студенттері 2 алтын, 3 күміс, 1 қола және 9 ерекше медальонды қанжылады.
Атап айтсақ, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Жексенбек Балнұр, «Плитка жапсыру» бойынша Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің студенті Розакулов Бекзад үздік деп танылып, І орыннан көрінді. «Мобильді робототехника» бойынша «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері Сейдулла Нұр мен Тұрсынхан Қанат, «Сырлау және әрлеу» құзыреттілігінен Кентау көпсалалы колледжінің студенті Хаджибаева Тавелина және «Электроника» сайысында Қазақ-неміс политехникалық колледжінің студенті Бахтияров Улуғбек жүзден жүйрік шығып, ІІ орынды иеленді. Ал «Кондитер» құзыреттілігі бойынша қола жүлдені Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің студенті Нұрғалиқызы Аяулым жеңіп алды.
Сонымен қатар «Кірпіш қалау» құзыреттілігінен Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің намысын қорғаған Ахметов Диербек, «CAD инженерлік графикасы» бойынша МКҚК «Кентау көпсалалы колледжі» студенті Өтегенов Саят, «Наубай ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің студенті Жолдасова Сандуғаш, «Прототиптеу» сайысында МКҚК «Кентау көпсалалы колледжі» студенті Ерсултанова Жанель, «Дәнекерлеу технологияларынан» №12 колледжнің атынан шыққан Турдиматов Мейрамбек, «Мейрамхана қызметі» бойынша Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінен Паттаев Марлен, «Құрғақ құрылыс» құзыреттілігінен №16 колледжінің студенті Абдулла Бекжан, «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» бойынша Кентау көпсалалы колледжінен Серікбай Саят және «ЧПУ станоктарында токарлық жұмыс» сайысында Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінің студенті Хасан Есен өз біліктіліктерін көрсетіп, ерекше медальондарға ие болды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.