Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»Шардара: «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті
Аймақ

Шардара: «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

16.02.2024
Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласында орналасқан Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» — тақырыбында кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Бүгінде Ислам дінін ұстанатын мұсылмандардың қатары артып келеді. Десе де, дін ұстанған кей мұсылманның діни білімі жетпей айтқан сөздерінен, әдепке жатпайтын ұнамсыз қылықтарынан Исламға деген жеккөрушілік, дін арқылы қоғамда үрей — қорқыныш қалыптастыру сынды үрдістер, жағымсыз насихаттар етек алып тұрғаны шындық. Ислам діні адамдарды өзара ауызбіршілікке ынтымаққа үндейтін дін. Мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды деп сөзін қорытындылады.
Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев: Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс — қимыл кезеңде», — атты Жолдауында полиция қызметін сервистік модельге көшіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғы шарттарын айтқан болатын. Осы негізде Шардара ауданында сервистік модельге көшу мақсатында «Шардара аудан әкімдігінің 18 қаңтар 2023 жылғы №2-9 Ө өкімімен Шардара ауданы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведмоствоаралық топ құру туралы» жұмысшы топ құрылғанынын атап өтті. Құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын — алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Осыған байланысты полиция подполковнигі С.Естаев Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнде компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі уақыттарда көшеде ата — анасыз жүруге тыйым салынғанын және елімізде кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ісімен шұғылданатын арнайы орталық бар екенін оқушыларға түсіндірді. Сондай — ақ жолда жүру ережелерін дұрыс білуге, сақтауға кеңес берді.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің теолог маманы Е.Сариев: өкінішке орай, көпшілік ата — аналар материалдық игіліктердің соңынан қуып, рухани құндылықтарды ұмытып жатады. Бірақ тұлғаның адамгершілік негіздері отбасында қалыптаспайды ма? Ата — бабасының дәстүрлі дініне деген құрметті, ана тіліне, салт — дәстүрге, тарихына деген құрмет пен махаббатты отбасында бойына баулу керек. Балалар жастайынан шынайы діннің тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, бір — біріне мейірімді болуға тек жарқын амалдарды жасауға шақырды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.