Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ОТЫРАРЛЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Аймақ

ОТЫРАРЛЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

13.07.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба.
Отырарда кәсіп ашуды мақсат еткен ауыл азаматтары «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болып, жобаның игілігін көруде. Мәселен, Отырар ауылындағы «Ғабит» шаруашылығының иесі А.Сыздықова бағдарлама аясында 7 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, 12 бас мүйізді ірі қара сатып алған. Бүгінде «Зеңгі баба» тұқымын дамытуды мақсат еткен кәсіпкер мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Бүгін Қарғалы ауыл округіндегі жұмыс сапары барысында шаруашылықтың жұмысымен танысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы кәсіп иесінің кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзге де мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін талқылады.
Тәуекел – тау жығар дейтін ұстаным өз ісін дөңгелетіп, кәсіп бастаймын деген адамның ең басты сенімі әрі тірегі. Отырарлық тұрғын Ерлан Аранбайұлы жеке ісін бастауға бел буып, нарықтағы сұранысты асықпай зерделеді. Қолдан келер икемін дұрыс қолданудың жолдарын іздей бастады. Бойында ептілігі бар шеберлік өнерін кәдеге жаратудың түрлі қисынын қарастырып, екінің бірі атқара бермейтін жалқы кәсіпке бет бұруға ұйғарды.
Ауылдан шыққан алғыр азамат тамам қазақ үшін қасиетті қара домбыра мен басқа да ұлттық аспаптар жасау ісін қолға алуға бел буады.Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған.

Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Оны ұлтымыздың жаны дерсің. Халқымыз бабаның көзіндей, қазақтың өзіндей болған қастерлі дүниенің қадір-қасиетін құрметтей біледі. Әдетте домбырасы жоқ шаңырақты мұрасы жоқ үй ретінде бағаланады. Ғасырлар бойы сақталған даланың рухы мен бабаның ғұрпын бүгінге жеткізген ұлттық құндылықтың тамыры тым тереңде жатыр. Домбыраның өзіне тән үні бар, сол қоңыр үнді нағыз шебер ғана өз нақышына келтіріп орындай алады.

«Ауыл аманатының» шапағатымен Қарғалыауылында ашылған қолөнер шеберханасының жұмысы қазір қызу қайнаған.  Ерекше сипаты бар, халық сұранысына ие мұндай кәсіптерді жаңғыртуда «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі зор деп білеміз. Ауыл тұрғындарын ауылдағы алуан түрлі тіршілік тынысын табыс табуға бағдарлап, мемлекет беріп отырған бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көрген жанның бірі Қарғалы ауылының тұрғыны Ерлан Анарбайұлы. «Анарбай» жеке кәсіпкерлігінің иесі бағдарлама аясында қолөнер бұйымдарын жасайтын 3 ағаш станоктарын алып, өз кәсібін жүргізіп отыр. Ұлттық аспап домбыра жасауды жетік меңгерген кәсіпкердің жасаған бұйымдарына сұраныс жоғары. «Сұранысты қамтамасыз ету үшін кәсіпті кеңейтуді жоспарлап отырмын» — дейді қолөнер шебері.
Аудан басшысы «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталғанын айтып, аталған жобаның ауылдарда нәтижелі іске асып жатқанына оң бағасын берді.
Ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру – «Ауыл аманаты» жобасы.
Ауылды дамыту мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобасын әзірледі.
«Ауыл аманаты» жобасы — ол қоғамда кең қолдауға ие болып, ауылды дамытудың жаңа драйверіне айналды. Ол ауыл тұрғындарының кіріс деңгейін арттырудың нақты және түсінікті механизмдерін қарастырады.
Жалпы алғанда, 2029 жылға дейін бұл жоба 1 млн ауыл тұрғындарын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр. Ел тарихында алғаш рет осы мақсаттарға қомақты сома – 1 трлн теңге бөлінді.
Әрбір ниет білдіруші жылдық 2,5% мөлшерлемемен 2500 АЕК-ке дейін жеңілдетілген несие ала алады. Толық ақпаратты өңірдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан білуге болады.
«Ауыл Аманаты» жобасын қаржыландырудың негізгі бағыттары:
1) өңдеу саласына байланысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттардағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) микрокредит мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғары сомасы-ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 2,5 АЕК (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация-шағын және орта шаруа (фермер) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несиелік талаптар:
1) қарыз алушы дара кәсіпкер ретінде тіркелуге тиіс;
2) басқа кредиттер бойынша мерзімі өткен жарналардың болмауы;
3) мемлекеттік кірістер органдарында берешектің болмауы;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнеткерлік жасқа толмаған;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың (жер учаскесінің, сарайдың) болуы.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

22.09.2026

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады

22.09.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

22.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

21.09.2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

21.09.2026

ФИНАНСОВАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ: МОЛОДЕЖЬ НЕ ДОЛЖНА ПОДДАВАТЬСЯ НА УЛОВКИ МОШЕННИКОВ

21.09.2026

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЖАСТАР АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСПЕУІ КЕРЕК

21.09.2026

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

21.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.