Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Басты ақпарат»Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
Басты ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты

ais_mediaBy ais_media01.04.2025Updated:02.04.2025Комментариев нет2 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты.
Қазақстан Президенті өзара құрметке негізделген берік саяси-дипломатиялық байланыс орнағанын және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін атап өтті.
Қазақстан – аймақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ірі елдердің санатында:
2024 жылы экономикалық өсім 4,8 пайыз деңгейінде болды.
ІЖӨ 288 млрд долларға жетті.
Еліміз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниетті.
Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады:
Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі 514 млрд тонна-шақырымға жетті.
Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етуде.
Ақтау және Құрық порттары арқылы жөнелтілетін жүк көлемі 62 пайызға өсті (4,5 миллион тоннаға дейін жетті).
Словенияның ең ірі Копер портымен серіктестікті тереңдету көзделіп отыр.
 Өнеркәсіп және энергетика салаларындағы перспективті бағыттар:
Қазақстан мұнайының 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады.
Барланған табиғи газ қоры 3 трлн текше метрге жетеді, ал көмір кеніші 34 млрд тоннаны құрайды.
Еліміз ЕО экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін минералдың 19 түрін өндіреді.
Қазақстан сектордың әлеуетін толық пайдалану мақсатында әлемнің жетекші компанияларымен прагматикалық формулаға сай, яғни «шикізат орнына инвестиция мен технология» қағидасына сай ынтымақтастық орнатады.
Total, Eni, Masdar және Svevind Energy Group компанияларының қатысуымен жасыл энергетика жобалары қарқынды дамып келеді.
Словенияның Iskra, Gorenje сияқты озық компаниялары біздің нарықта табысты жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі:
Отандық ауылшаруашылық өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін жоғары технологиялы сектор ретінде қайта құру жоспары туралы айтылды.
Еліміз словениялық серіктестерімен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті.
Фармацевтика және ІТ:
Қазақстан Словенияның Krka, Lek секілді компанияларымен фармацевтика өндірісін дамытуға;
ғылыми зерттеулер, стартаптар және технологиялық білім беру ісіндегі осы елдің IT компанияларымен серіктестік орнатуға мүдделі.
Қаржы және инвестиция:
Словенияның іскерлік топ өкілдеріне Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуетін зерделеп, оның экожүйесіне қосылу ұсынылды.
www.akorda.kz
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ: 2025–2026 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАС

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА ЖОЛ АШАДЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ЗЕРТТЕУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІС БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУҒА ЖАҢА СЕРПІН

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМДЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ТАНЫМАЛ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ КООПЕРАЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗЫ

13.08.2026

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

13.08.2026

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖАҢА ОРТА

13.08.2026

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫНА ЖАҢА ҒЫЛЫМИ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛУДА

13.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.