Ұлттық жағдайларға бейімделген PGS моделі: ҰКП-да шағын фермерлерді қолдайтын маңызды басқосу өтті — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Понедельник, 23 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық жағдайларға бейімделген PGS моделі: ҰКП-да шағын фермерлерді қолдайтын маңызды басқосу өтті

ais_media ais_media
29.05.2025
Жаңалықтар, Экономика
0
Ұлттық жағдайларға бейімделген PGS моделі: ҰКП-да шағын фермерлерді қолдайтын маңызды басқосу өтті
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Қазір әлемде органикалық өнімдерге деген тенденция белсенді дамып келеді, яғни химиялық заттарды қолданбай, барынша табиғи жағдайда өндіру жүйелі жолға қойылуда. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі органикалық өнім өндірушіге айналуы мүмкін. Бүгінде елімізде 70-ке жуық ауыл шаруашылығы кәсіпорны органикалық сертификаттаудан өтті. Қазақстандық органикалық өнімдердің негізгі тұтынушылары жыл сайын 30 миллион АҚШ доллардан асатын органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталатын Еуропалық Одақ елдері болып табылады.

Шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының органикалық егіншілікке көшуін жеңілдету мақсатында «Органикалық өнімдерді өндіру және айналымы туралы» жаңа Заңда PGS бірлескен кепілдік жүйесінің жұмыс істеуі туралы ережелер енгізілген болатын. Осыған орай, бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында маңызды отырыс өтті. Жиынға отандық және шетел сала мамандарымен қатар, мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеевтің сөзінше органикалық өндіріске көшу және оны сертификаттау экономикалық тұрғыдан көп шығынды талап етеді. Ал, бұл шаруаларды органикалық өндіріске кеңінен тартудағы басты шектеулердің бірі.

«PGS сенімге, ашықтыққа және жергілікті мүдделі тараптардың қатысуына негізделген балама органикалық сертификаттау механизмі болып табылады. Еуропалық EU Organic стандарттары сияқты үшінші тараптың қымбат сертификаттауынан айырмашылығы, PGS негізінен шағын фермерлерге, кооперативтерге және жергілікті нарықтарға бағытталған.

Көптеген адамдар PGS дегеніміз не деп сұрайды. Бұл – бір топқа біріккен фермерлердің өздері органикалық стандарттарды сақтау жауапкершілігін алатын өзара сапа кепілдігі жүйесі. PGS  жай ғана сертификаттау емес – ол жерге және тұтынушыға деген әділеттілік философиясы», — деді Ербол Есенеев.

Жиынға Германиядан арнайы бейне-конференция арқылы қосылған IFOAM органикалық ауыл шаруашылығы мен тұрақты дамуға жәрдемдесетін жаһандық ұйымның өкілі Патрисия Флорес Қазақстанның PGS стандартын дамытуға әлеуеті зор екенін назарға алды.

«Ең алдымен PGS әлемдік стандартын өз нарығына икемдеп енгізіп, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ, Қазақстанның органикалық өндірушілер одағына алғысымды айтамын. Қазақстан органикалық өнім өндіру бойынша ауқымды жұмыстарды қолға алып келеді. Сапалы әрі таза өнім өндіру қаншалықты жауапты іс екенін сезіне отырып, сіздер PGS стандартын сауатты енгіздіңіздер. Бұл – өзге елдерге үлгі», — деп мәлімдеді Патрисия Флорес.

Бұл тәсіл әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін өте маңызды, өйткені ол өнімінің тазалығын дәлелдеп, нарыққа сенімді таңбалаумен шығуға мүмкіндік береді.

Басқосуда сөз алған «Органикалық өнімдер» ТК 100 басшысы Бердібек Булашев қазақстандық PGS моделінің ұйымдастырушылық-әдістемелік негізі мен әзірленген құжаттар жинағын таныстырды.

Сала маманының айтуынша, аталмыш жүйе ресурсы шектеулі фермерлер үшін қолайлы, үшінші тарапқа қызмет көрсету құны талап етілмейді.

«Фермерлердің өздері тексеруге, шешім қабылдауға, сапаны бақылауға және білім алмасуға қатысады. PGS-ке қатысу фермерлердің органикалық стандарттар және құжаттама туралы білімін жақсартуға көмектеседі. Өндірушілер кіру немесе қатысу ақысын төлемейді. Барлығы ерікті және бірлескен негізде болады. Бұл жүйені тіпті ең кішкентай фермаларға да қолжетімді етеді», — деді Бердібек Булашев.

PGS құжаттамасының жинағы Қазақстан Республикасының № 89-VIII Заңына сәйкес және IFOAM ұсынымдары негізінде нөлден әзірленді. Басқа елдердің құжаттарына сүйенбей, бұл тәсіл халықаралық тәжірибені ескеріп, қазақстандық PGS моделін қалыптастыра отырып, өзіндік ерекшелігі мен ұлттық жағдайларға бейімделуді қамтамасыз етеді.

Жиын соңында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев органикалық таза өнім өндіру заман талабы екенін баса айтты.

«Біз PGS туралы айтқанда, біз үш негізгі принцип туралы айтамыз. Олар: сенім – фермерлердің әріптестері мен тұтынушылардың бақылауына ашықтығы, ынтымақтастық – жүйе қатысушылары сапа үшін бірлесіп жауап береді және соңғысы ашықтық – бүкіл өндіріс тізбегі бақылау үшін қолжетімді», — деп сөзін қортындылады Есенеев.

Айта кетейік, Қазақстан PGS моделін енгізген ТМД-дағы екінші мемлекет болып табылады.

Алдыңғы мақала

«ҮЗДІК РОЛИК» БАЙҚАУЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»

«Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.