Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАҒАН
    Жаңалықтар

    МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАҒАН

    30.06.2025

    Шымкент қаласында мемлекеттік грант арқылы кәсіп бастап, өз-өзін жұмыспен қамтушылар қатары артып келеді. Қала тұрғыны, көпбалалы ана Гүлзада Авалбекова мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсіби тігін шеберханасын ашты. Тігіншілікке бала кезінен қызыққан ол арнайы білім алып, тігінші-пішуші мамандығын меңгерген.

    2024 жылдың алғашқы легінде ол “көпбалалы ана” санатымен бизнес-жоба ұсынып, Еңбек.кз порталы арқылы өтінім берген. Бұл – оның грантқа жасаған бесінші талпынысы еді.
    –Үйде тұрмыстық тігін машиналарымен жұмыс істеп жүрдім, бірақ олармен көп көлемде өнім шығару мүмкін болмады. Жобамды комиссияға таныстырып, тәжірибемді бөлістім. Кейіннен 400 АЕК көлеміндегі грант берілгені туралы хабарлама алдым. Бұл – бала күнгі арманым болатын. Қазір барлық қажетті өндірістік тігін құрылғыларым бар, – дейді кәсіпкер ана.

    Қазіргі уақытта Гүлзада Авалбекова шапан, балалар киімі мен орамал сынды өнімдерді тігіп, оларды базар мен әлеуметтік желілер арқылы сатылымға шығарып, табыс тауып отыр.

    Айта кетейік, 2024 жылы Шымкент қаласында 428 тұрғын мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болған. Қайтарымсыз грантқа үміткер болу үшін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алушы, көпбалалы ана (ең үлкен баласы 23 жастан аспаған және студент болуы тиіс), асыраушысынан айырылғаны жөнінде әлеуметтік төлем алушы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші, “Қандас” мәртебесі бар, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар немесе жұмыссыз ретінде тіркелген санаттардың біріне жатуы қажет.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    14.10.2026

    ҒЫЛЫМ ЗЕРТХАНАДА ҚАЛМАЙ, ӨНДІРІСКЕ ЖЕТУІ КЕРЕК

    14.10.2026

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.