Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ IFLA WLIC ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАПХАНА КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ: ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ
Аймақ

М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ IFLA WLIC ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАПХАНА КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ: ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ

15.08.2026

Шымкент қаласында жоғары білім мен ғылым саласын дамыту, өңірлік ЖОО-лардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту және ғылыми-білім беру инфрақұрылымын заман талабына сай жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, Шымкенттің жетекші оқу орны – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері әлемдік деңгейдегі ғылыми-академиялық алаңдарда бой көрсетіп, халықаралық тәжірибе алмасуды белсенді жүргізуде.

2026 жылдың тамыз айында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында IFLA (Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы) және Корей кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен 90-шы Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі (IFLA WLIC) өтті. Пусанның BEXCO заманауи көрме орталығында ұйымдастырылған ауқымды жиынға әлемнің 100-ге жуық елінен 3000-нан астам кітапханашылар, зерттеуші ғалымдар, сарапшылар мен білім беру саласының саясаткерлері қатысты.

Бұрын-соңды болмаған ауқымда өткен конгрестің негізгі тақырыбы – «Кітапханалар трансформацияның қозғаушы күші» деп аталды. Ауқымды басқосуда заманауи кітапханалардың жасанды интеллект (ЖИ) технологияларына көзқарасы, цифрлық құралдарды ғылыми және оқу процестеріне интеграциялау мәселелері кеңінен талқыланды. Әлем бойынша кітапхана басшылары мен жетекші мамандарының қатысуымен өткен 86-дан астам секциялық отырыстарда кітапхана ісінің қазіргі даму бағыттары мен болашақ тенденцияларын айқындайтын маңызды мәселелер сарапқа салынды.

Конгрестің ғылыми бағдарламасы қазіргі таңда заманауи университеттік кітапханалардың тек кітап қорын сақтаушы емес, жаңаша цифрлық хабтарға, қоғамдық-академиялық орталықтарға және инновациялық білім беру кеңістіктеріне айналып жатқанын айқын көрсетті. Өңірлік ғылымды дамыту мен әлемдік ынтымақтастықты нығайту үшін бірыңғай цифрлық экожүйелерді, электронды деректер базасын және онлайн кітапханалық платформаларды құру басты басымдық ретінде белгіленді.

Халықаралық деңгейдегі осы айтулы шараға Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының өкілдерінен құралған отандық делегация да арнайы қатысты. Делегация құрамында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Ақпараттық-білім беру орталығының директоры Саурбаева Индира Қабланқызы болып, халықаралық әріптестермен кәсіби диалог орнатты. Сапар барысында шетелдік ғылыми орталықтармен, жетекші университеттердің кітапханаларымен серіктестік орнату, цифрлық ресурстарға қолжетімділікті кеңейту және озық ақпараттық технологияларды Шымкенттегі ЖОО тәжірибесіне енгізу мәселелері талқыланды.

IFLA WLIC конгресі – ғылыми қауымдастықты біріктіретін, жаңа бастамаларға жол ашатын бірегей кәсіби алаң. Мұндай халықаралық іс-шараларға қатысу Шымкент қаласының ғылыми-академиялық әлеуетін көтеріп, өңірлік ғалымдар мен жас зерттеушілерге әлемдік білім қорына жол ашуға мүмкіндік береді. Өңірдегі білім мен ғылымды дамыту, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын заман талабына сай цифрландыру – Шымкенттің ғылыми ортасын халықаралық деңгейге шығарудың басты кепілі.

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

30.09.2026

Достық пен келісім акциясы аясында

28.09.2026

СЫР ӨҢІРІНДЕ «ШЫМКЕНТ САЗЫ» ШАРЫҚТАДЫ

27.09.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

11.10.2026

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

10.10.2026

СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

10.10.2026

Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

10.10.2026

СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

09.10.2026

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

09.10.2026

«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті

09.10.2026

Ардагерге құрмет – елге құрмет

09.10.2026

«ӘЙЕЛ ӨМІРІ ҮШІН» ақпараттық кездесуі өтті

09.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.