Zhanibekov University ғалымдары Scopus базасында 100-інші ғылыми мақала жариялау межесін бағындырды!
Шымкент, 2026 жылғы қараша. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің (Zhanibekov University) ғылыми-зерттеу қызметінде тарихи әрі айтулы белес бағындырылды. 2026 жылдың қараша айындағы ресми деректерге сәйкес, өңірлік іргелі оқу орны ғалымдарының халықаралық беделді Scopus дерекқорында жарияланған ғылыми мақалаларының жалпы саны 100-ге жетті. Бұл көрсеткіш Шымкент қаласындағы жоғары білім мен ғылымды дамыту, өңірлік зерттеушілердің жетістіктерін халық арасында кеңінен дәріптеу және отандық ғылымның халықаралық кеңістіктегі орнын нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстың айқын нәтижесі болып табылады.
Қол жеткізілген бұл жетістіктің тек сандық қана емес, сапалық деңгейі де ерекше назар аударарлық. Жарық көрген 100 ғылыми еңбектің 74 мақаласы, яғни 74 пайызы әлемдік ғылыми кеңістіктегі ең беделді Q1 және Q2 квартильді рейтингтік басылымдарда жарияланған. Жоғары импакт-фактор? бар халықаралық журналдардағы мұндай үлес университет зерттеулерінің академикалық стандарттарға толық сай екенін, өзектілігі мен жаңашылдығы жоғары екенін және әлемдік ғылыми қауымдастық тарапынан зор сұранысқа ие екенін айқын дәлелдейді. Ғалымдардың зерттеу еңбектері педагогика, жаратылыстану, гуманитарлық және қолданбалы бағыттардағы заманауи мәселелерді шешуге арналған.
Бұл жоғары нәтиже — Zhanibekov University профессор-оқытушылар құрамының, тәжірибелі зерттеушілер мен жас ғалымдардың тынымсыз әрі жүйелі еңбегінің заңды жемісі. Университетте ғылыми әлеуетті арттыруға, зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртуға, жас мамандарды қолдауға және ғылыми жобаларды ынталандыруға бағытталған кешенді саясат өз нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар өңірлік жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми кооперация мен тәжірибе алмасу да оң серпін алған. Бұл мемлекет тарапынан білім мен ғылымды дамытуға көрсетіліп отырған қолдаудың өңірлік деңгейде тиімді іске асып жатқанын білдіреді.
Алдағы уақытта да Zhanibekov University ұжымы іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларды өрістетіп, ғылымды танымал етуге, зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге және отандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қоса бермек. Жаңа белестер мен халықаралық деңгейдегі ғылыми жетістіктер өңірдегі жоғары білім беру жүйесінің сапасын жаңа сатыға көтеретіні сөзсіз.
