Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Zhanibekov University) отандық ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыру және өңірлік ғылымды халықаралық деңгейге көтеру бағытында сапалы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Өңірде ғылымды танымал ету, жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық кооперацияны дамыту және жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шараларын тиімді іске асырудың айқын дәлелі ретінде университет жанындағы диссертациялық кеңесте білім алған жас зерттеушілердің беделді ғылыми дәрежеге ие болуын атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 6 қарашадағы №756 бұйрығына сәйкес, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанындағы диссертациялық кеңесте диссертацияларын сәтті қорғап шыққан жас ғалымдарға философия докторы (PhD) дәрежесі ресми түрде берілді.
Ғылыми дәрежеге ие болған жас зерттеушілер мен олардың іргелі зерттеу бағыттары:
- Каратаев Нурлан Сагынбекович («8D01503 – Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша) — «Бастауыш сынып оқушыларына робототехниканы цифрлық құралдармен оқыту әдістемесі» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғап шықты. Жас ғалымның отандық ғылыми кеңесшісі — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Альмира Байдабековна Ибашова (Zhanibekov University), ал шетелдік ғылыми кеңесшісі — профессор Халил Ибрагим Бүлбүл (Гази университеті, Түркия).
- Сансызбаев Алтынбек Серікұлы («8D01501 – Математика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша) — «Мектеп математикасында геймификация элементтерін қолдану технологиясы» тақырыбында өз зерттеуін қорғады. Жас ғалымның отандық ғылыми кеңесшісі — педагогика ғылымдарының докторы, доцент Роза Изтлеуовна Кадирбаева (Zhanibekov University), ал шетелдік ғылыми кеңесшісі — профессор Сенол Дост (Хаджеттепе университеті, Түркия).
Өңірлік оқу орнында отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми кооперацияны нығайту, заманауи білім беру технологияларын оқу процесіне енгізу және жас ғалымдардың қатарын көбейту ісі одан әрі жүйелі түрде жалғаса бермек. Жаңа философия докторлары (PhD) мен олардың ғылыми жетекшілерін жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Жас зерттеушілерге толағай табыс, сарқылмас шабыт және жаңа ғылыми белестер тілейміз! Өңірлік оқу ордамыздың мерейі мен ғылыми әлеуеті үстем бола берсін!
